Интернет-казино немесе лицензиясы жоқ букмекерлік кеңселер анықтаған жағдайда, азамат Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесті және лотереяны реттеу Комитетіне (бұдан әрі - Комитет) Е-Otinish арқылы және (немесе) осындай интернет-ресурстардың сілтемелерін Комитеттің Telegram және WhatsApp мессенджерлеріндегі чат-боттарға жіберу арқылы жүгіне алады.
Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз интернет-ресурстарға құқықтық бағалау жүргізу және оларға қол жеткізуді шектеу үшін ұсынылған материалдар «Кибернадзор» ақпараттық жүйесіне енгізілетін болады.
Заңсыз интернет-ресурстардың тізімімен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: www.gov.kz/memleket/entities/tsm/documents/details/736431?lang=ru
Лицензияланған ойын бизнесін ұйымдастырушылардың тізілімі келесі сілтеме бойынша орналастырылған:
www.gov.kz/memleket/entities/tsm/documents/details/736429?lang=ru