Лотерея өткізуге кім құқылы?

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесін және лотереяны реттеу комитеті

    Сұрақ

    Лотерея өткізуге кім құқылы?

    Жауап

    «Лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 ақпандағы № 48 қаулысымен «Сәтті Жұлдыз» акционерлік қоғамы 15 жыл мерзімге лотерея өткізу құқығын бере отырып, лотерея операторы болып айқындалды.

    «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Заңның 5-бабының 4- тармағына сәйкес лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуіне тыйым салынады.

    Заңның 8-1-бабына сәйкес лотерея таратушы (агент) өз қызметін лотерея операторымен жасалатын тапсырма шарты негізінде жүзеге асырады.

    Тапсырма шарты осы Заңда және лотереялар өткізу қағидаларында көзделген лотерея тарату (өткізу) жөніндегі ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.

    Лотерея операторы немесе оның агенті болып табылмайтын тұлғалар ұйымдастыратын лотерея ұтыс ойындары заңсыз.

    «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің (бұдан әрі – Кодекс)
    802-бабының 1-тармағына сәйкес лотереялық ұтыс ойындарын өткізу бойынша заңсыз қызмет жүзеге асырылған жағдайда Кодекстің 445-1-бабының
    6-бөлімінде қарастырылған әкімшілік шаралар қолданылады.

    Бұдан басқа, Кодекстің 445-1-бабының 7-бөліміне сәйкес осы баптың алтыншы бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық жасау салдарынан алынған кірістер тәркілене отырып, жеке тұлғаларға – екі жүз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – жеті жүз елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір мың, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі мың айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға алып келеді

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Әскери қызметшілерге казинода құмар ойын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 12-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» заңының 40-2-бабының 1-тармағының 4) тармақшасына және 26-бабыны...

    Сұрақ

    Арнаулы мемлекеттік органдардың (Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржылық мониторинг агенттігі) қызметкерлеріне казинода кұмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Заңының 8-бабы 13-тармағына сәйкес тыйым салынады. Қазақстан Республика...

    Сұрақ

    Мемлекеттік қызметшілерге казинода құмар ойындарын ойнауға немесе букмекерлік кеңселерде бәс тігуге рұқсат етіле ме?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, жауапты мемлекеттік қызмет лауазымын атқаратын тұлғаларға, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға (Қазақст...

    Сұрақ

    Казино мен букмекерлік кеңселерді ашуға рұқсат етілген аумақтардың шекараларын кім анықтайды ?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабы 1-тармағына сәйкес Казиноны, ойын автоматтары залдарын, букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларын) орналастыруға арналған аумақтардың шекараларын же...

    Сұрақ

    Қазақстан казино немесе букмекерлік кеңсе ашуға қай жерде рұқсат етілген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Ойын бизнесі туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағына сәйкес, Казино, ойын автоматтары залдары, букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассалары) Алматы облысында Қапшағай су қоймасының жағалауында...

    Сұрақ

    Әлеуметтік желіде лотерея ойындарын өткізу заңды ма?

    Жауап

    Лотерея және лотерея қызметі саласындағы қоғамдық қатынастар «Лотереялар және лотерея қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (бұдан әрі – Заң) реттеледі. Осы Заңның 1-бабының 2), 4) және 14) тармақшаларына сәйкес: 2) жүлде қоры – лотерея билеттерін, түбіртектерді немес...

    Сұрақ

    Атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде ақау болған жағдайда ойын бизнесін ұйымдастырушылардың жауапкершілігі қандай?

    Жауап

    Заңның 15-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органның шешімімен Борышкерлердің бірыңғай тізіліміне енгізілген ад...

    Сұрақ

    Егер азамат Борышкерлердің бірыңғай тізілімінде бар болса, құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатыса алады ма?

    Жауап

    «Ойын бизнесі туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 15 - бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес мүліктік өндіріп алу туралы атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды ж...