Сәлеметсіз бе! Бірінші, қандай мәселеге назар аудару керек – тіркелуі және белгілі бір қызметті жүзеге асыруға лицензиясының болуы. Егер ұйым Қазақстан Республикасының аумағында тіркелмесе, оған ақша салу тәуекелі өте жоғары болады.
Егер кірістілік туралы айтатын болсақ, онда жоғары (нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары) кірістілік – бұл алаяқтық схемаларының ықтимал белгілерінің бірі.
Қаржы пирамидаларының бірнеше белгілері бар, оларға назар аудару керек, олардың негізгілері:
1. Міндетті кіріс жарнасы;
2. Төлемдер алу үшін жаңа қатысушыларды тарту;
3. Кейіннен басқа салымшылар салған ақшадан жаңа қатысушыларға сыйақы төлеу;
4. Салынған қаражаттан негізсіз жоғары кірістілікке уәде беру;
5. Салынған қаражаттың сақталуына кепілдіктің болмауы;
6. Ұйым қызметінің түрі анықтамасының, оның жарғысының, ресми тіркелуінің болмауы;
7. Ұйымның қаржылық жағдайы туралы қандай да болсын ақпараттың болмауы;
8. БАҚ-ғы, интернеттегі өктем жарнама;
9. Әртүрлі бағдарламалардың қатысушыларына қымбат сыйлықтар тапсыра отырып, ойын-сауық жарнамалық шоу-таныстырылым науқандарын ұйымдастыру;
10. Кіріс көздерінің, қаражат айналымының, бизнес-процестердің айқын емес құрылымдары және басқасы.
Осылайша, егер сіз өз ақша қаражатыңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілерді барлығы немесе бірнешеуі бар болса, сізді үлкен зиянға әкеп соғатын қаржы қақпанына тартуға әрекет жасап жатқан жоқ па деп ойлануыңыз керек.