Ақпараттық қауіпсіздіктің салалық орталығының жұмыс істеуін автоматтандыру мақсатында өз күшімен қаржы нарығында ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары мен оқыс оқиғалары бойынша Ақпаратты өңдеудің автоматтандырылған жүйесі («Qainar» ААӨЖ) әзірленіп, іске қосылды.
«QAINAR» жүйесінде қаржы нарығындағы ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары тіркеліп, бірлесе отырып өңделеді. Оның қатарында: кибершабуылдар, әдеттен тыс белсенділік фактілері, ақпараттық жүйелер жұмысындағы іркілістер немесе бас тартулар және ақпараттық қауіпсіздіктің тексеруді талап ететін өзге де оқиғалары.
Кибершабуылдардың алдын алу мақсатында алынатын ақпаратты өңдеу қорытындылары бойынша Салалық орталық «QAINAR» ААӨЖ арқылы ақпараттық алмасу қатысушыларына ақпараттық қауіпсіздіктің қауіп-қатерлері мен осалдықтары туралы ескерту жібереді.
Осындай әрбір оқиға үлкен болмаса да, алайда кез келген күрделі кибершабуыл шағын оқиғалардан басталады, олардың көмегімен қылмыскерлер қаржы ұйымдарының осал тұстарын зерттейді.