Балық шаруашылығы су айдындарын бекіту мерзімдері?
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» ҚР Заңының 40 - бабы 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларына сәйкес бекіту мерзімі: балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – бес жылдан қырық тоғыз жылға дейін, жергілікті маңызы бар, қырылу қаупі бар су айдындары және (немесе) учаскелері үшін балық шаруашылығын жүргізу мақсатында – бір жылдан бес жылға дейінгі мерзімді құрайды.