Тыйым салынған балық аулау құралдарын сатуға жауапкершілік қарастырылған ба?
«Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңының 32-бабының тармақшасына сәйкес балық ресурстарын және Қазақстан Республикасының заңнамасында қолдануға тыйым салынған басқа да су жануарларын аулау құралдарын сатуға тыйым салынады.
Балық ресурстарын және Қазақстан Республикасының заңнамасында қолдануға тыйым салынған басқа да су жануарларын аулау құралдарын сатуға тыйым салуды бұзу сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің 196-бабына сәйкес еркін саудаға тыйым салынған немесе ҚР заңнамасымен шектелген тауарлармен және өзге де заттармен сауда жасау 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Кодекстің осы бабы бойынша Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза (айыппұл) салуға ішкі істер және мемлекеттік кірістер органдарының құқығы бар.