Бүгінде браконьерлікпен күресті күшейту мақсатында заңнамалық бастамаларды қабылдау көзделген. Мәселен, балық аулауға тыйым салынған құралдармен балық аулауды жүзеге асырғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті күшейту жоспарлануда.
Атап айтқанда, Әділет министрлігі әзірлейтін «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» ҚР Кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы шеңберінде аталған құқыққа қарсы іс-әрекет үшін әкімшілік айыппұлды 20-дан 50 АЕК-ке дейін ұлғайту, ал әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасағаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу көздеу бойынша өзгерістер пысықталуда.
Бұл түзету айыппұл мөлшерін ұлғайтуды көздейді, сондықтан ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабының талаптарын ескере отырып, реттеушілік әсерге талдау жүргізілді және оның нәтижелері қазіргі уақытта белгіленген тәртіппен қоғамдық тыңдауларда талқылануда.