Жеке және заңды тұлғалар балық шаруашылығы су айдындарын бекіту жөніндегі конкурсқа қатысу үшін https://gosreestr.kz веб-порталында өтінім береді. ҚР АШМ 2015 жылғы 19 наурыздағы №18-04/245 бұйрығымен бекітілген аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе) учаскелерін бекіту жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларының 23-тармағына сәйкес конкурсқа қатысу үшін веб-порталда алдын ала тіркелу қажет:
1) жеке тұлғалар үшін:
жеке сәйкестендіру нөмірі, тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
бизнес-сәйкестендіру нөмірі, толық атауы, бірінші басшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп айырысу шотының деректемелері;
4) байланыс деректері (пошталық мекен-жайы, телефон, факс, e-mail).
Жоғарыда көрсетілген деректер өзгерген кезде қатысушы өтінімді тіркегенге дейін веб-порталға енгізілген деректерді өзгертеді.