ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы №18-04/148 бұйрығымен бекітілген балық аулау қағидасының 20-тармағына сәйкес, балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммға дейін ақысыз қандай да бір рұқсатсыз жүзеге асырылады.Балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің резервтік қорында әуесқойлық (спорттық) балық аулау бір балықшыға бір шыққанда бес килограммнан астам ақылы түрде жергілікті атқарушы органдарымен берілген рұқсат бойынша жүзеге асырылады.
Қағиданың 21-тармағына сәйкес Бекітіліп берілген балық шаруашылығы су айдындарында және (немесе) учаскелерінде әуесқойлық (спорттық) балық аулау жеке адамдарға жануарлар дүниесін пайдаланушымен берілген жолдамасына сәйкес олардың ауызша және жазбаша өтініштері бойынша жүзеге асырылады.