Балық өнімдерінің көлеңкелі айналымына қарсы күрес мақсатында ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі балық өнімдерін қадағалаудың ақпараттық жүйесін енгізу бойынша жұмыстар жүргізуде.
Әзірленіп жатқан ақпараттық жүйе балықтың шығуының заңдылығын растайтын құжаттарды беруге қатысатын мемлекеттік органдардың жүйелерін интеграциялауды көздейді, бұл заңсыз шыққан балық өнімдерін өткізудің жолын кесуге және сол арқылы көлеңкелі айналымның алдын алуға мүмкіндік береді.
Балық шаруашылығы субъектілері үшін бұл ақпараттық жүйе балық аулаудан бастап балық өнімдерін экспорттауға дейінгі барлық процестерді көрсету үшін қол жетімді болатын «бірыңғай терезе» ретінде болады.
Бүгінгі таңда ақпараттық жүйені жеткізуші оны әзірлеуді аяқтады және ол белгіленген тәртіппен «Ұлттық ақпараттық технологиялар»АҚ-да жұмысқа қабілеттілігіне тестілеуден өтуде.
Ақпараттық жүйені іске қосу 2024 жылға жоспарланған.