Қандай салық төлеушілер қоршаған ортаға теріс әсер етуге байланысты төлем бойынша декларацияға қосымшаның (870.01 нысаны) 870.01.001- жолында тоқсанның басындағы эмиссия көлемін көрсетпейді?
Тіркелген жылдық жиынтық көлемі 100 АЕК дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілерді қоспағанда, эмиссия көлемі тоқсанның басында декларацияға қосымшаның 870.01.001-жолында (870.01 нысаны) қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеушілер толтырады. Жылдық жиынтық көлемі 100 АЕК дейiнгі төлемдер көлемінде төлемақы төлеушілер декларацияға қосымшаның (870.01) «Сатып алынған норматив көлемі» 870.01.002-жолын толтырады.
Мысалы: Жағдай: ЖШС қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы төлеуші болып табылады. Жыл қорытындысы бойынша төлем көлемі 100 АЕК-тен асады.
Нәтиже: 870.00 нысанын толтыру кезінде 870.01 қосымшасында тоқсанның басында эмиссия көлемі 870.01.001-жолда көрсетіледі. Төлемдер көлемі 100 АЕК-ке дейін болған жағдайда 870.01.002-жол қолданылады.