Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация» (700.00-нысан) салық есептілігі нысаны не үшін арналған ?

    Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

    Сұрақ

    Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация» (700.00-нысан) салық есептілігі нысаны не үшін арналған ?

    Жауап

    «Көлік құралдары салығы, жер салығы мен мүлік салығы бойынша декларация» (700.00-нысан) салық есептілігінің нысаны көлік құралдарына салынатын салықты, жер салығын және мүлік салығын есептеу, сонымен қатар бұдан бұрын ұсынылған есептілікке өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуге арналған.

    Мысалы: Жағдай: Заңды тұлғаның меншік құқығында жеңіл автокөлік тіркелген. Сонымен қатар, аталған көлік құралы бірнеше жыл бойы бұзылып тұр. Бұзылып тұрған көлік құралы бойынша 700.00 нысанын ұсыну бойынша заңды тұлғаның міндеттемесі туындай ма?

    Нәтиже: Меншік құқығында тіркелген жеңіл автокөлігі бар заңды тұлға көлік салығының төлеушісі болып табылады және көлік құралының пайдаланылуына, оның бұзылып тұрғанына немесе іс жүзінде пайдаланылмауына қарамастан, 700.00- нысанын тапсыруға және салық төлеуге міндетті.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Білім беру гранты бойынша оқудың барлық мерзімін емес, ішінара оқыған адамдар үшін жұмыспен өтеудің қысқартылған мерзімі көзделген бе ?

    Жауап

    Иә, білім беру гранты бойынша оқудың барлық мерзімін емес, ішінара оқыған адамдар үшін мөлшерлес жұмыспен өтеу мерзімі белгіленген. Мәселен, Қағидалардың 9-тармағында осы Қағидалардың 3, 4, 5, 6, 7 және 8-тармақтарында көрсетілген Қазақстан Республикасының азаматтары ЖЖОКБҰ-ны не...

    Сұрақ

    Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) уәкілетті органның жанындағы Апелляциялық комиссияға қалай шағым жасауға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Заңына сәйкес ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті органның және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағым жасауды ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкі...

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адамның кірісі белгіленген 300 АЕК мөлшеріндегі айлық шекті сақтау үшін қалай айқындалады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес күнтізбелік айдағы кіріс тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын 300 АЕК-тен аспауға тиіс. 719-баптың 2-тармағына сәйкес салық салу объектісі салықтық кезең ішінде рұқсат етілген қызм...

    Сұрақ

    Жеке тұлға қай кезден бастап өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолданушы болып танылады және ол үшін мемлекеттік кірістер органдарында тіркелу қажет пе?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 716-бабының 1-тармағына сәйкес жеке тұлғаның өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР таңдауы осы режимде арнаулы мобильді қосымша чектері қалыптастырылған айда, ал жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желісі жоқ жерлерде төлем құ...

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам бір мезгілде бірнеше қызмет түрін жүзеге асыра ала ма және бұл ретте қандай шектеулер көзделген?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген тізбедегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Бірнеше қызмет түрін қатар жүзеге асырған...

    Сұрақ

    Егер таңдалған қызмет түрі (ЭҚЖЖ) өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін қолдануға рұқсат етілген тізбеде болмаса, не істеу керек?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабы 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, АСР қолдану үшін Үкімет бекіткен тізбедегі бір немесе бірнеше қызмет түрін жүзеге асыру қажет. Тізбе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 21 қарашадағы № 994 қаулысымен бекітілген. Нақты...

    Сұрақ

    Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін арнаулы салық режимін еңбек шарты бойынша жұмыспен қатар қолдануға бола ма?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 718-бабының 2-тармағына сәйкес өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам деп дара кәсіпкер болып табылмайтын, рұқсат етілген қызмет түрін жүзеге асыратын, жұмыскерлердің еңбегін пайдаланбайтын және күнтізбелік айда 300 АЕК-тен аспайтын кіріс алатын Қ...

    Сұрақ

    2026 жылы 851.00 нысанын тапсыру мерзімі қашан?

    Жауап

    Салық кодексінің 624-бабы 3-тармағына сәйкес уақытша өтеусіз жер пайдалану туралы шарт жасасқан немесе есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кейін қатты пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге лицензия алған тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасының есебін шарт жасасқан немесе лицен...