Көшіп-қонушылар квотасы («Серпін» жобасы) бойынша оқыған жас мамандарға жұмыспен өтеуді тікелей алған мамандығы бойынша жүзеге асыру қажет пе ?
Заңда және қағидаларда дипломда көрсетілген мамандық бойынша жұмыспен өтеу міндеті белгіленбеген. Қағидалардың 4-тармағына сәйкес Заңның 26-бабы 8-тармағының 6) тармақшасында белгіленген квота шегінде педагогикалық, техникалық және ауылшаруашылық мамандықтары бойынша білім алған ауыл жастары қатарындағы Қазақстан Республикасының азаматтарының тізбесі «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерді айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қыркүйектегі № 765 қаулысында айқындалған қоныс аударуға арналған өңірлерде ЖЖОКБҰ-ны бітіргеннен кейін меншік нысандарына қарамастан кемінде екі жыл жұмыспен өтейді. Жұмыспен өтеуге арналған өңірлерге 8 өңір жатады – Шығыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстары, Абай және Ұлытау облыстары. Жоғарыда келтірілген құқық нормаларының тұжырымдарынан көрініп тұрғандай, Қағидалар «Серпін» жобасы бойынша оқыған жас мамандарға жұмыспен өтеуді дәл алған мамандығы бойынша жүзеге асыруды міндет етіп жүктемейді.
Мысалы: Жас маман көшіп-қонушылар квотасы («Серпін» жобасы) бойынша «Инженерия және инженерлік іс» мамандығы бойынша оқуын аяқтады. Ол Қарағанды облысында дара кәсіпкер ретінде тіркелді және тіркеу кезінде ЭҚЖЖ бойынша «49.32.0 Такси қызметі» қызмет түрін көрсетті. «Серпін» жобасы бойынша оқығандар үшін жұмыспен өтеу орны мен лауазымына қандай да бір талаптар белгіленбегенін ескере отырып, мұндай жұмысқа орналасу бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына өз пайдасына міндетті зейнетақы жарналарын дербес төлеген жағдайда жұмыспен өтеу міндетін тиісінше орындау ретінде қабылданады.
http://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319_