Бакалавриатта оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына кім қатыса алады?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    Сұрақ

    Бакалавриатта оқу үшін «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына кім қатыса алады?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ( https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z070000319) жетекші шетелдік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жыл сайын бекітілетін мамандықтар тізбесіне сәйкес күндізгі бөлімде жоғары білім алу үшін, тізбесін Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың, ғылыми жобалар халықаралық конкурстарының және орындаушылардың халықаралық конкурстарының соңғы үш жылда бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдарымен марапатталған Қазақстан Республикасы азаматтары өздері таңдаған мамандығы олимпиада немесе конкурс пәніне сәйкес келген және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жас шектеулерін ескере отырып, академиялық оқуға шартсыз қабылданған жағдайда (қаржылық шарттарды қоспағанда) конкурстық негізде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға құқығы бар.

    Мысалы:

    Менің қызым биыл мектепті бітіреді, сондай-ақ шетелдік университеттен оқуға шақыру алды. Ол математика пәнінен халықаралық олимпиаданың жеңімпазы. Бұл олимпиада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамының ресми сайтындағы олимпиадалар тізімінде бар. Ол «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелге бакалавриат бойынша оқуға бара ала ма?

    Иә, сіздің қызыңыз бакалавриат бойынша «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатыса алады, бірақ бұл ретте олимпиада пәні өзі таңдаған мамандыққа сәйкес келуі тиіс.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жасанды интеллект бойынша даярлық жоғары оқу орындарының барлық мамандықтарында білім алушыларды қамтиды ма, әлде жасанды интеллектіні тек ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім алушылар ғана оқиды ма?

    Жауап

    Жасанды интеллект саласындағы даярлық тек ақпараттық-коммуникациялық технологиялар бағытындағы білім алушыларды ғана емес, сонымен қатар таңдалған білім беру бағдарламасына қарамастан жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ) білі...

    Сұрақ

    Неліктен Ұлттық бірыңғай тестілеу балы жоғары талапкер мемлекеттік білім беру грантын алмай, ал төмен балы бар басқа талапкерге грант тағайындалатын жағдайлар кездеседі?

    Жауап

    «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес h...

    Сұрақ

    Білім беру гранттарын алу конкурсында балдар тең болған кезде кім басым құқыққа ие болады?

    Жауап

    «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2023 жылғы 25 тамыздағы № 443 бұйрығына сәйкес h...

    Сұрақ

    Мемлекеттік органдардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерінің балалары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қалай оқуға түсе алады?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан (қайтыс болған) немесе мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы) салдарынан мүгедектік белгіленген арнаулы мемлекеттік және құ...

    Сұрақ

    Кемінде үш жыл толық емес отбасылардан шыққан отбасы мәртебесі бар балалар үшін қандай жеңілдіктер бар?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 8) тармақшасына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 білім беру грантын беру конкурсын өткізу кезінде кемінде үш жыл толық емес отбасы мәртебесі бар отбасылардан шыққан балаларды қабылдау квотасы көзде...

    Сұрақ

    Төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін қандай жеңілдіктер бар?

    Жауап

    «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабы 8-тармағының 7) тармақшасына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319 білім беру грантын беру конкурсын өткізу кезінде төрт және одан да көп кәмелетке толмаған бала тәрбиелеп отырған отбасылардан шыққан балалар үшін қа...

    Сұрақ

    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымы өзіне қатысты мемлекеттік бақылау жүргізілген кезде қандай құқықтарға ие?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 155-бабына сәйкес, бару арқылы профилактикалық бақылауды және (немесе) тексеруді жүзеге асыру кезінде бақылау субъектісі немесе оның уәкілетті өкілі бірқатар құқықтарға ие (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z155). Атап айтқан...

    Сұрақ

    Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау қандай мерзімде жүргізіледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді (https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000...