Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына қатысты бару арқылы профилактикалық бақылау қандай мерзімде жүргізіледі?
Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 148-бабына сәйкес бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылауды жүргізу мерзімдері алдағы жұмыстардың көлемі, сондай-ақ қойылған міндеттер ескеріле отырып белгіленеді ( https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1500000375#z148).
Микрокәсіпкерлік субъектілері үшін – 5 жұмыс күнінен аспауға және 5 жұмыс күніне дейін ұзартылуға тиіс;
Шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылмайтын бақылау мен қадағалау субъектілері үшін – 15 жұмыс күнінен аспауға және он 15 күнінен аспайтын мерзімге ұзартылуға тиіс.
Бұл ретте, бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізу мерзімдері қажет болған жағдайларда ғана (Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары шеңберінде шетелдік мемлекеттік органдардан ақпарат алу; бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау жүргізілетін тұлғаның тұрған жерін анықтау; зертханалық зерттеулердің нәтижелерін алу) тек 1 рет ұзартылуы мүмкін.
Мысалы, егер жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымына бару арқылы профилактикалық бақылау 1 қыркүйекте басталса, оны жүргізу 15 жұмыс күнінен кешіктірілмей аяқталуы тиіс. Мерзімді ұзартуға негіздер болған жағдайда, профилактикалық бақылау тағы ең көп дегенде 15 жұмыс күніне ұзартылуы мүмкін.