Мемлекеттік органдардың сайттарында ақпарат қай тілде орналастырылады?
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы Заңының (бұдан әрі – Заң) 16-бабы 14-тармағына сәйкес интернет-ресурстағы ақпарат қазақ және орыс тілдерінде берілуге тиіс. Ақпарат иеленушінің интернет-ресурсының басқа тілдердегі нұсқалары да болуы мүмкін. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1500000401#z16
Заңның 8-бабына сәйкес мемлекеттік биліктің, жергілікті мемлекеттік басқарудың және өзін-өзі басқарудың заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарының органдары мен мекемелері ақпарат иеленуші болып табылады.
Мәселен, егер сіз мемлекеттік органдардың сайтында орналастырылған ақпараттың қазақ тіліндегі нұсқасын таппасаңыз Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетіне жүгінуіңізге болады.