Жеке компанияларда кадрлық іс жүргізуді тек орыс тілінде жүргізуге болады ма?
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z11 «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағаздарын жүргiзу тiлi болып табылады, орыс тiлi ресми түрде қазақ тiлiмен тең қолданылады. Мемлекеттiк емес ұйымдардың жұмысында мемлекеттiк тiл және қажет болған жағдайда басқа тiлдер қолданылады».
Мысалы, «ААА» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кадрлар бөлімі іс қағаздарын толықтай орыс тілінде жүргізеді. Бұл «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының талаптарын бұзу болып саналады ма?
Ия, бұл бұзушылық болып саналады, өйткені іс қағаздарды мемлекеттiк тiлде, қажет болған жағдайда басқа тiлдерде жүргізу керек.