Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттарға арналған онлайн-диагностикалық тестілеуден өту үшін қалай тіркеледі?

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттарға арналған онлайн-диагностикалық тестілеуден өту үшін қалай тіркеледі?

    Жауап

    Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттарға арналған онлайн-диагностикалық тестілеуден өту үшін тіркелу келесі тәртіппен жүзеге асырылады: тестіленуші app.testcenter.kz сайтына тіркеліп, жеке кабинет ашып, белгіленген күнге тестілеуге өтінім беруі қажет. Тіркеуден кейін тестілеу үшін төлем жасалады, содан кейін тестіленуші тестілеуге қатыса алады.

    Мысалы:

    иммигрант Сергей онлайн-диагностикалық тестілеуді тапсыруды жоспарлап отыр. Ол үшін алдымен app.testcenter.kz сайтында тіркелуі керек. Тіркеуден кейін онда жеке кабинет ашылады, содан кейін Сергей «Өтінім беру» батырмасын басу керек. Одан соң қазақ тілін білу деңгейін бағалау жүйесі «ҚАЗТЕСТ» бөліміне өтіп, «Тестіленушілер үшін» батырмасын тандап, «Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келетін иммигранттар үшін «Қазтест» жүйесі бойынша онлайн-диагностикалық тестілеу» бөліміне өтеді.

    Енді Сергей тестілеу үшін төлем жасауы керек. Төлем жасау үшін тапсырыс нөмірін қалыптастыру қажет. Төлем Kaspi.kz қосымшасы арқылы «Төлемдер» – «Білім» – «Ұлттық тестілеу орталығы» бөлімі арқылы немесе сайттағы QR-кодты сканерлеу арқылы жүзеге асырылады.

    Төлем жасалғаннан кейін ол «Жаңарту» батырмасын басу қажет. Сәтті төлемнен кейін өтінім тіркеліп, «Менің тарихым» бөлімінде қолжетімді болады. Енді тестіленуші тестілеуден өте алады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Sozdikqor.kz порталы қандай тілдік мүмкіндіктер ұсынады және оның іздеу жүйесі арқылы қандай ақпарат алуға болады?

    Жауап

    www.sozdikqor.kz порталы – әртүрлі салалық сөздіктер мен энциклопедиялардағы сөздер мен тұрақты сөз тіркестері, қазақ тіліндегі көне сөздер, кірме сөздер, аймақтық және ақпараттық технологиялардың даму кезеңіндегі жаңа технологиялық сөздердің мағынасын көруге мүмкіндік беретін пл...

    Сұрақ

    Қазақстан Республикасында мәдени іс-шаралар қай тілде өткізілуі тиіс?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z21 17-бабына сәйкес мәдени шаралар мемлекеттiк тiлде және қажет болған жағдайда басқа да тiлдерде жүргiзiледi. Осыған байланысты мемлекеттік бюджет есебінен қаржыла...

    Тіл саясаты комитеті·
    Сұрақ

    Біздің ұйым өз интернет-ресурсын іске қосуда. Интернет-ресурсқа орналастырылатын ақпараттың тіліне қойылатын талаптар бар ма?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z27 ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпара...

    Тіл саясаты комитеті·
    Сұрақ

    Мен жаңа дүкен ашуды жоспарлап отырмын. Маңдайшаны орналастыру бойынша қандай талаптар бар?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 «Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады...

    Тіл саясаты комитеті·
    Сұрақ

    Неліктен мен inDrive таксиі мобильді қосымшасының техникалық қолдау қызметіне мемлекеттік тілде жүгінген кезде, inDrive өкілдері маған орыс тілінде жауап береді?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 22-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z27 «Ақпараттандыру объектілерінің меншік иелері мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік электрондық ақпар...

    Тіл саясаты комитеті·
    Сұрақ

    Жеке компанияларда кадрлық іс жүргізуді тек орыс тілінде жүргізуге болады ма?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 8-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z11 «Мемлекеттiк тiл Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдарының, ұйымдарының және жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының жұмыс және iс қағазда...

    Тіл саясаты комитеті·
    Сұрақ

    Мемлекеттiк органдар актiлерді қай тілде дайындайды?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының 9-бабына сәйкес «Мемлекеттiк органдардың актiлерi мемлекеттiк тiлде әзiрленiп, қабылданады, қажет болған жағдайда, мүмкiндiгiнше, басқа тiлдерге аударылуы қамтамасыз етiле отырып, оларды әзiрлеу орыс тiлiнде...

    Тіл саясаты комитеті·
    Сұрақ

    Қазақстан аумағындағы жол белгілері қай тілде жазылады?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабына https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 сәйкес егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, жол белгілері...

    Тіл саясаты комитеті·