Мен жаңа дүкен ашуды жоспарлап отырмын. Маңдайшаны орналастыру бойынша қандай талаптар бар?
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы заңының (бұдан әрі – Заң) 21-бабына сәйкес https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z970000151_#z26 «Мемлекеттік ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде және орыс тілінде, қажет болған кезде басқа тілдерде де орналастырылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде, қажет болған кезде орыс тілінде және (немесе) басқа тілдерде де орналастырылады». Заңның талаптарына сәйкес маңдайшаны орналастыруға «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес маңдайшаларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген жағдайда жол беріледі https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z1400000202.
Мысал:
Азамат А. шаштараз қызметтерін көрсету бойынша қызметпен айналысуды шешті. Тұрғынжайды сатып алды (жалға алды). Өз қызметін танымал ету үшін маңдайшаны орнату қажет. Маңдайшаны орналастыру үшін ең алдымен жергілікті атқарушы органдардан (әкімдік) келісім алу керек. Тұрғынжайдағы маңдайша мемлекеттік тілде немесе мемлекеттік, орыс және (немесе) басқа тілдерде болуы керек.