Визуалды ақпаратты орналастыру кезінде тіл заңнамасының талаптарын сақтайтын шағын және орта бизнес өкілдеріне қандай қолдау және ынталандыру шаралары көрсетіледі?
«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес реквизиттер мен визуалды ақпарат мәтіндері орфографиялық нормалар мен мәтіннің аутентті аудармасын сақтай отырып ресімделуі тиіс. Мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшалары мемлекеттік тілде орналастырылады, қажет болған жағдайда орыс және (немесе) басқа да тілдерде берілуі мүмкін. Қазақстан Республикасында қорғалатын тауар белгілері мемлекеттік емес ұйымдардың маңдайшаларында өзгеріссіз нысанда пайдаланылады.
Квазимемлекеттік сектор өкілдерін, кәсіпкерлік субъектілерін (шағын, орта және ірі бизнес), сондай-ақ республика аумағында (облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда) өз өнімдерін жарнамалайтын тауар өндірушілерді қолдау және ынталандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі жыл сайын «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» атты республикалық конкурсты өткізеді.