Қазақстанда медициналық ұйымдарда қай тілде қызмет көрсетуге міндетті?
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 11-бабына сәйкес мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың азаматтардың өтініштеріне берген жауаптары, сондай-ақ өзге де құжаттар мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде ұсынылады.
Бұл талап медициналық ұйымдарға да қолданылады. Азамат нақты медициналық мекемеге ауызша немесе жазбаша түрде жүгінген жағдайда, медициналық ұйым қызметкерлері жауапты мемлекеттік тілде немесе өтініш берілген тілде беруге міндетті.