Сумен жабдықтауды есепке алу аспабын орнату тұтынушылар үшін міндетті шара болып табыла ма?
Қазақстан Республикасының «Табиғи монополиялар туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, тұтынушыда есепке алу аспабы болуға міндетті. Осылайша, сумен жабдықтау қызметтерін тұтынушылар үшін суды есептеу аспабын орнату су ресурстарын бақылауға және үнемдеуге, сондай-ақ суды есептеу аспабының көрсеткіштері бойынша сумен жабдықтау қызметтеріне дұрыс есеп айырысу жүргізуге мүмкіндік беретін міндет болып табылады.
Мысалы, тұтынушыда суды есептеу аспабы болмаған жағдайда, тұтынушы есептеу аспабын орнату бойынша шаралар қабылдауы қажет.