ЕАЭО-дан тауарларды импорттау кезінде төленген ҚҚС-ты қай салық кезеңінде және қандай шарттармен есепке жатқызуға болады?
Салық кодексінің 481-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, есепке жатқызылатын қосылған құн салығы бюджетке төлем жүзеге асырылған күн сәйкес келетін салық кезеңінде, оның ішінде Салық кодексінің 122 және 123-баптарында белгіленген тәртіппен есепке жатқызу жүргізу арқылы ескеріледі, бірақ ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің аумағынан тауарларды импорттау кезінде осындай салық есептелген Салық кодексінің 530-бабының 6-тармағында белгіленген салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен ерте емес ескеріледі. Осылайша, ЕАЭО елдерінен импортқа ҚҚС төлей отырып тауарды импорттаған жағдайда, есепке жатқызылатын ҚҚС бюджетке төлем жүргізілген күн сәйкес келетін салық кезеңінде, бірақ осындай салық есептелген Салық кодексінің 530-бабының 6-тармағында белгіленген салық кезеңінен кейінгі айдың 20-күнінен ерте емес ескеріледі.