Ауылдық елді мекендерді қайта атау тәртібі қалай реттеледі?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Ауылдық елді мекендерді қайта атау тәртібі қалай реттеледі?

    Жауап

    «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы №2572-XII Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабына сәйкес кент, ауыл, ауылдық округ әкімі тиiстi елдi мекен халқының пiкiрiн ескере отырып, аудандық (облыстық маңызы бар қала) өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi.

    Сондай-ақ Заңның 12-бабына сәйкес аудандық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен тиiстi аумақ халқының пiкiрiн ескере отырып, облыстық өкiлдi және атқарушы органдарға кенттерге, ауылдық округтерге, ауылдарға атау беру және оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы ұсыныстар енгiзедi.

    Заңның 11-бабына сәйкес облыстық өкiлдi және атқарушы органдар бiрлескен шешiмiмен тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының ұсынуы бойынша Республикалық ономастика комиссиясымен келісілген облыстық ономастика комиссиясының қорытындысы негізінде ауылдарға, кенттерге, ауылдық округтерге атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту жөніндегі мәселелерді шешеді.

    Мысал: Ауылдық елді мекенді қайта атау.

    Ақмола облысы Волгодоновка ауылының тұрғындары жергілікті атқарушы органға ауыл мен ауылдық округті Елтоқ (жердің тарихи атауы) деп қайта атау туралы мәселемен жүгінді.

    1. Ауылдық округ әкімінің деңгейінде қарау

    Ауыл/ауылдық округ әкімі:

    - халықтың пікірін есепке алуды ұйымдастырады (жиналыс, жиын, сауалнама және басқалар);

    - хаттама ресімдейді;

    - шешім оң болған жағдайда ұсынысты аудандық әкімдік пен мәслихатқа жолдайды.

    1. Аудан(немесе облыстық маңызы бар қала)деңгейі

    Аудандық атқарушы және өкілді органдар:

    - келіп түскен ұсынысты қарайды;

    - халықтың пікірін қайта есепке алады (қажет болған жағдайда);

    - бірлескен шешім қабылдайды;

    - материалдарды облыстық әкімдік пен мәслихатқа жолдайды.

    1. Облыс деңгейі

    Облыстық атқарушы және өкілді органдар:

    - материалдарды облыстық ономастика комиссиясына жолдайды;

    - комиссия ұсыныстың негізділігін (тарихи атау, қайталанудың болмауы, нормаларға сәйкестігі) қарайды;

    - мақұлданған жағдайда материалдарды Республикалық ономастика комиссиясына келісуге жолдайды.

    1. Республикалық ономастика комиссиясы

    - ұсынысты қарайды;

    - қорытынды береді (келісу немесе бас тарту).

    1. Түпкілікті шешімді қабылдау

    Оң қорытынды алынғаннан кейін:

    - облыстық әкімдік пен мәслихат қайта атау туралы бірлескен шешім қабылдайды;

    - шешім ресми түрде жариялануға жатады және күшіне енеді.

    1. Шешімді іске асыру

    Бекітілгеннен кейін:

    - мемлекеттік дерекқорларға өзгерістер енгізіледі;

    құжаттар, карталар, мекенжайлар, маңдайшалар және басқалар түзетіледі.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дегеніміз не және Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығы қалай дамып келеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономика...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығына өтінішті кім және қалай бере алады?

    Жауап

    Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысымен (Қазақстан Респу...

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес Қазақстанда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыру...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты қандай критерийлер негізінде айқындалады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексінің» 24-бабында белгіленген критерийлер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектісінің қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) өзгерген кезде кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өзгерістер енгізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Тізілім) 7-тармағына сәйкес, Тізілімдегі мәліметтерді...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі (бұдан әрі – ӘКСТ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен (...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерін жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда мүмкін?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатынд...