Үйге ортақ есептегішті салыстырып тексеруге шығару кезінде және (немесе) есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу кезінде уақытша бұзылған кезде тұтынушыларға тұтынылған жылу энергиясы үшін есептеу тәртібі қалай айқындалады?

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі

    Сұрақ

    Үйге ортақ есептегішті салыстырып тексеруге шығару кезінде және (немесе) есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу кезінде уақытша бұзылған кезде тұтынушыларға тұтынылған жылу энергиясы үшін есептеу тәртібі қалай айқындалады?

    Жауап

    Жылу энергиясын пайдалану қағидаларының 38-тармағына сәйкес (2014 жылғы 18 желтоқсандағы № 211) коммерциялық есепке алу аспаптарын салыстырып тексеруге алу кезінде тұтынылған жылу энергиясы үшін ақы төлеуді тұтынушы есепті кезеңнің сыртқы ауасының нақты температурасын ескере отырып, бірақ есеп алу қалпына келтірілуі тиіс бір айдан аспайтын мерзім ішінде өткен кезеңдегі жылу энергиясының орташа тәуліктік шығысы бойынша жүргізеді. Егер коммерциялық есепке алу аспабы көрсетілген мерзімде қалпына келтірілмесе, тұрмыстық тұтынушылар үшін есептеу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасы бойынша, ал жылу энергиясын тұрмыстық мақсатта пайдаланбайтын тұтынушылар үшін ең жоғары сағаттық жүктеме бойынша есептеу жолымен жүргізіледі.

    Есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу уақытша бұзылған жағдайда есептеу тәртібі (өз бетінше кесу, есепке алу аспабынан пломбаны бұзу, ағып кету және т. б.) Тарифтерді қалыптастыру қағидаларының (2019 жылғы 19 қарашадағы № 90) 281-тармағында белгіленген, онда есепке алу аспаптары бойынша жылу энергиясын есепке алу уақытша бұзылған жағдайда, есепке алу уақытша бұзылған кезеңге төлемді есептеу үшін жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну көлемі «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заң) 27-бабы 1-тармағының 34) тармақшасына және Заңның
    10-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілген есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау бойынша тұтыну нормасына сәйкес, бірақ есепке алу қалпына келтірілуге тиіс бір айдан аспайтын мерзімде айқындалатыны көзделген.

    Бұл жағдайда жылытуға арналған жылу энергиясын тұтыну көлемі жергілікті атқарушы органдар бекіткен есепке алу аспаптары жоқ тұтынушылар үшін жылумен жабдықтау жөніндегі тұтыну нормасына сәйкес айқындалады, бірақ ол үшін есепке алу қалпына келтірілуі тиіс бір айдан аспайтын мерзім ішінде айқындалады.

    Мысал: Тұтынушы үйге ортақ жылу энергиясы есепке алу құралын салыстырып тексеруге алынған жағдайда және(немесе)жылу энергиясын есепке алу құралы уақытша бұзылған кезде жылу энергиясын есептеу қандай тәртіппен жүргізіледі деген сұрақпен табиғи монополиялар субъектісіне жүгінеді. Бұл ретте тұтынушы есепке алу аспабын алу мақсатын растайтын пломбалау актісін ұсынбаған.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы дегеніміз не және Қазақстанның ұйыммен ынтымақтастығы қалай дамып келеді?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 334 «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы «Жаһандық байланыстар бағдарламасы арқылы ынтымақтастық» жобасы туралы Келісімге қол қою туралы» қаулысына сәйкес Экономика...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығы дегеніміз не және оның мәні неде?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысына сәйкес Ұлттық байланыс орталығы (бұдан әрі...

    Сұрақ

    Ұлттық байланыс орталығына өтінішті кім және қалай бере алады?

    Жауап

    Өтініштерді қарау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 қарашадағы № 1453 «Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің тәжірибесіне сәйкес Ұлттық байланыс орталығының функцияларын іске асыруға жауапты органды айқындау туралы» қаулысымен (Қазақстан Респу...

    Сұрақ

    Орнықты даму мақсаттары жөніндегі Хатшылық дегеніміз не?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2018 жылғы 13 қарашадағы № 143-ө «Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі туралы» өкіміне сәйкес Қазақстанда Орнықты даму мақсаттары жөніндегі үйлестіру кеңесі құрылды. Бұл Орнықты даму мақсаттарын (бұдан әрі – ОДМ) іске асыру...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санаты қандай критерийлер негізінде айқындалады?

    Жауап

    Кәсіпкерлік субъектілерінің санатын айқындау Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы № 375-V «Кәсіпкерлік кодексінің» 24-бабында белгіленген критерийлер мен олардың шекті мәндеріне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы №...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектісінің қызмет түрі (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші) өзгерген кезде кәсіпкерлік субъектілерінің тізіліміне өзгерістер енгізу тәртібі қандай?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2024 жылғы 30 қыркүйектегі № 78 бұйрығымен бекітілген Кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу және пайдалану қағидаларының (бұдан әрі – Тізілім) 7-тармағына сәйкес, Тізілімдегі мәліметтерді...

    Сұрақ

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімі қалай жүргізіледі?

    Жауап

    Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу тәртібі (бұдан әрі – ӘКСТ) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 17 шілдедегі №140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларымен (...

    Сұрақ

    Кәсіпкерлік субъектілерін жоспардан тыс тексерулер қандай жағдайларда мүмкін?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік Кодексінің 144-бабының 4-тармағына сәйкес бақылау және қадағалау органы адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға, жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделеріне төнген тікелей қатердің алдын алу және (немесе) оны жою мақсатынд...