«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 2) тармақшасына сәйкес табиғи монополия субъектісінің (бұдан әрі – ТМС) қызметін мемлекеттік реттеу тарифті қалыптастыру, белгілеу және бекіту арқылы жүзеге асырылады.
Заңның 4-бабының 26) тармақшасына сәйкес тарифтік смета – уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметтің кірістерінің, шығыстарының және көлемдерінің тізбесі.
Реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметаларды бекіту кезінде уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 19 қарашадағы № 90 бұйрығымен бекітілген Тарифтерді қалыптастыру қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) басшылыққа алады.
Қағидалардың 14-тармағына сәйкес, ТМС тарифті бекітуге арналған өтінімді уәкілетті орган ведомствосына «Монополист» базасы веб-порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады.
Қағидалардың 25-тармағына сәйкес, уәкілетті орган ведомствосы ТМС ұсынған тариф пен тарифтік смета жобасын, қоса берілген негіздеуші құжаттар мен есептерді талдау жүргізу арқылы қарайды және осы Қағидаларға
1-қосымшаға сәйкес 24-нысан бойынша субъектінің тариф пен тарифтік смета жобаларын қарау нәтижелері туралы қорытынды қалыптастырады.
Сонымен қатар, Қағидалардың 15-тармағына сәйкес тарифтерді бекіту кезінде өтінімге растайтын құжаттардың тізбесі, оның ішінде нормативтік техникалық шығындарға қатысты құжаттар қоса беріледі. Бұл ретте ТМС кәсіпорынның тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті шығындарды ескере отырып, өтінімдерді дербес қалыптастыратынын атап өтеміз.
Осылайша, ТМС ұсынған өтінімдер табиғи монополиялар саласындағы заңнама талаптарына сәйкес уәкілетті орган ведомствосымен қаралады және реттеліп көрсетілетін қызметтерге тарифтер мен тарифтік сметалар жобаларын қарау нәтижелері бойынша қорытынды негізінде олардың қолданылу мерзімін көрсете отырып, оларды бекіту немесе бекітуден бас тарту туралы шешім қабылданады.
Мысалы: ТМС уәкілетті органға нормативтік құқықтық актілерге сілтемелер келтіре отырып, коммуналдық көрсетілетін қызметтерге тарифтерді бекіту және өзгерту мәселесімен жүгінеді.