Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1176 «Іскер аймақ» «Шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес 2025 жылғы 30 желтоқсандағы бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.Бағдарлама микро және шағын кәсіпкерлікті, ең алдымен өңірлерде, ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда дамытуға бағытталған, және шикізатты жергілікті өндіруді және қайта өңдеуді ынталандыру, қосылған құнның тұрақты жергілікті тізбегін қалыптастыратын қолөнер, былғары, сүт және өзге де қолданбалы бағыттарды дамыту жөніндегі шараларды көздейді. Бағдарлама шеңберінде бизнес үшін қаржылық емес қолдаудың мынадай түрлері көзделген. Қаржылық емес қолдау шаралары кәсіпкерлік тәуекелдерді азайтуға және жобаларды іске асыру сапасын арттыруға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде бизнестің қаржылық және заңдық негіздері, сату және маркетинг, команданы басқару, цифрландыру және қызметтің салалық ерекшеліктері бойынша модульдерді қамтитын "Даму" Қоры платформасында кәсіпкерлерді онлайн-оқыту көзделген. Оқыту кәсіпкерлік қызметтен қол үзбей онлайн-форматта іске асырылады және тестілеумен және сертификат берумен аяқталады.
Мысалы: кәсіпкер "Іскер Аймақ" бағдарламасы бойынша өтінім береді, қорытындысы бойынша ең жоғары мерзімі 3 жыл(36 ай)және сомасы бар кемінде 12,6% мөлшерлемемен жеңілдікті кредит алады(200 млн теңге).Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40% құрайды.