Мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің, мемлекеттік кәсіпорындардың даму жоспарларын әзірлеу, бекіту, олардың іске асырылуын мониторингілеу және бағалау, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептерді әзірлеу және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 30 сәуірдегі № 18 бұйрығымен алты айдан астам уақыт бойы бос тұрған жұмыс орындарын қысқартуға бағытталған шаралар қарастырылған. Ұйымдардың жұмыс істеуі оларсыз мүмкін болмайтын лауазымдар мысалы, бірінші басшылар, сондай-ақ жұмыскердің жұмыс орны сақталатын жағдайлар ерекшелік ретінде қаралады. Бұйрық маусымдық және бірегей өндірістік лауазымдарға (мысалы, ядролық физикамен байланысты мамандықтарға) қолданылмайды.