Микро, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне арналған «Өрлеу» жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп шешімдер мен бұйрықтарына сәйкес негізделеді және іске асырылады (бұдан әрі – Бағдарлама).
Бағдараламаның әлеуетті қатысушылары:
- Жеке кәсіпкерлерлік субъектілері: заңды тұлғалар және жеке кәсіпкерлер.
- Орта шағын және микро бизнес: Бағдарлама орта өндірістік қуаттарды жаңғыртуды қоса алғанда ауқымды жобаларға бағытталған.
- Қазақстан Республикасының ( бұдан әрі – ҚР) резиденттері: кәсіпорын
ҚР аумағында тіркелуі және өз қызметін ел аумағында жүзеге асыруы тиіс.
Әлеуетті қатысушыларға қойылатын негізгі талаптар:
- Нысаналы мақсаты: қызметі экономиканың басым секторларымен (бірінші кезекте өңдеу өнеркәсібі және өндіріс) байланысты тұлғалар қатысушы бола алады.
- Қаржылық тұрақтылық: салықытық берешектің болмауы және банкроттық мәртебесінің немесе тарату рәсімінің болмауы.
- Жобаның сипаты: Бағдарлама өндірісті жаңғыртуды, қолданыстағы өндірісті кеңейтуді немесе осы мақстатарға алынған қарыздарды қайта қаржыландыруды (бірақ 01.12.2025 жылдан ерте емес).
Мысалы: Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және қызметін жүзеге асыратын, қолданыстағы өндірісті кеңейту, жаңғырту немесе бұл мақсаттарға алынған қарызды қайта қаржыландыру(бірақ 01.12.2025 жылдан ерте емес)мақсатында несие алуға өтініш беретін заңды немесе жеке тұлға. Нәтижесінде, 7 млрд теңгеге дейін сомасы бар, 10 жылға дейін мерзімі бар және пайыздық ставкасы 12,6%-дан аспайтын жеңілдетілген несие алады.