Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 939 қаулысымен бекітілген мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге бонустар төлеу, материалдық көмек көрсету, сондай-ақ пилоттық органдардың «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу қағидаларының (бұдан әрі – Қағидалар) 12-тармағына сәйкес бонустар сынақ мерзімі аяқталған және мемлекеттік әкімшілік қызметшінің қызметін бағалау басталған күнге кемінде үш ай мемлекеттік қызметте лауазымға орналасқан жағдайда төленеді.
Жұмыстан шығарған кезде
Мемлекеттік әкімшілік қызметші жұмыстан босатылған немесе онымен еңбек қатынастары бұзылған кезде оның есепті кезеңдегі қызметін бағалаудың тиісті нәтижелері болған кезде бонустар төленеді.
Бұл ретте Қағидалардың 14-тармағында есептік кезеңде бағалау басталған күнге дейін мемлекеттік әкімшілік қызметші еңбек қатынастарын бұзған немесе жұмыстан босатылған кезде бонус төленбейтіні белгіленген.
Жүктілікке және босануға арналған демалысқа шығуға байланысты
Қағидалардың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бонус – бұл мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге олардың қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем.
Бұл ретте «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы №13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесімен (бұдан әрі – Үлгілік әдістеме) айқындалады.
Баяндалғанды ескере отырып, Сіз Үлгілік әдістемеде айқындалған тәртіппен жүргізілген қызметті бағалау нәтижелері болған кезде есепті кезеңде жұмыс істеген нақты күндер саны үшін бонус алуға үміткер болуға құқығыңыз бар.