«Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалауды өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) Төрағасының 2018 жылғы 16 қаңтардағы № 13 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың үлгілік әдістемесімен (бұдан әрі –Үлгілік әдістеме) айқындалады.
Үлгілік әдістеменің 5-тармағына сәйкес бағалауды өткізу үшін «Б» корпусы қызметшісінің мемлекеттік лауазымға тағайындау және мемлекеттік лауазымнан босату құқығы бар лауазымды тұлғамен Бағалау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады, персоналды басқару қызметі оның жұмыс органы болып табылады.
Осылайша, бағалау мәселесі бойынша сіз жұмыс істейтін мемлекеттік органның комиссиясына жүгінуіңіз керек.
Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 60-бабының 3-тармағына сәйкес нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірмені оларды қабылдаған (шығарған) уәкілетті органдар немесе лауазымды адамдар береді.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған мәселе бойынша ресми түсініктеме алу үшін Агенттікке жүгіну қажет.