Білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау:
Есепті кезеңнің І жарты жылдығында барлығы 37 білім беру мекемесінде мемлекеттік қайта аттестаттау өткізілді ( мектеп-29, балабақша-8).
Оның ішінде бір білім беру ұйымы екінші мәрте аттестатталмады. Білім беру ұйымының қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкес келмейді, қалған 36 білім беру ұйымының қызметі талапқа сәйкес келуіне байланысты аттестатталды.
Аттестатталмаған білім беру ұйымына 2026 жылдың екінші жарты жылдығында профилактикалық бақылау жоспарланады.
Мемлекеттік аттестаттау:
2026 жылдың маусым айында барлығы 16 мектепке дейінгі ұйымда мемлекеттік аттестаттау өткізілді.
«Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқуағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі № 114-НҚ бұйрығының 24, 25 тармағы талабына сәйкес 14 мектепке дейінгі ұйымына анықталған сәйкессіздіктерді жою қажеттілігі туралы хабарлама жолданып, 3 айға дейінгі мерзімде сәйкессіздіктердерді жою туралы іс-шаралар жоспары ұсынылды.
Жоспардан тыс тексерулер:
2026 жылдың І жарты жылдығы барысында 16 білім беру ұйымдарына жоспардан тыс тексеріс жүргізілді. Оның ішінде арыз шағым негізінде 14 білім беру мекемесінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, оның ішінде 9-да (64,3%) кемшілік анықталып, бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Бір білім беру ұйымы тексеріс қорытындысына шағымдануы нәтижесінде толтырылған әкімшілік хаттаманың күші жойылды.
Сонымен қатар, нұсқама талаптарының орындалмауы және қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы мектептер мен колледждерде білім беру сапасын қамтамасыз ету жəне оқу-тəрбие қызметінің жүзеге асырылуы бойынша жоспардан тыс тексерістер жүргізілді.
Нұсқама талабы орындалмаған білім беру ұйымына әкімшілік хаттама толтырылып, әкімшілік соттың қарауына жолданды.
Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелері жанындағы мектептер мен колледждерде білім беру сапасын қамтамасыз ету жəне оқу-тəрбие қызметінің жүзеге асырылуына жүргізілген тексеру қорытындысында «Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 31 тамыздағы "Тиісті типтердегі және түрлердегі мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" №385 бұйрығының талаптары сақталмағаны анықталып, әкімшілік хаттама толтырылып, мерзімі белгіленген бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Бару арқылы профилактикалық бақылау
Жалпы білім беретін білім беру ұйымынап профилактикалық бақылау жүргізу барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы № 348 бұйрығы, «Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №293-VІ ҚРЗ, «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008 жылғы 16 мамырдағы N 272 Бұйрығы талаптарының сақталмауы анықталып, білім беру ұйымына 20.10.2026ж. дейін бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді.
Біліктілік талаптарының сәйкестігін тексеру
2026 жылғы ақпан айында екі білім беру ұйымына (мемлекеттік-1, жеке мектеп-1) «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы №473 бұйрығының орындалуына мектептің орналасқан жеріне бару арқылы тексеріс жүргізілді.
Тексеріс қорытындысында анықталған кемшіліктер бойынша білім беру ұйымына мерзімі белгіленген бұзушылықты жою туралы нұсқама берілді. Сонымен қатар, ҚР ӘҚБтК 464 бабының 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылып, білім беру қызметіне берілген лицензиясы 6 ай мерзімге дейін тоқтатылды және 463 бабының 1-тармағымен әкімшілік іс әкімшілік соттың қарауына жолданды.
Білім бөлімдерін жоспарлы тексеру
Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 59-1 бабына (Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім беруді басқару органдарына қатысты мемлекеттік бақылау) сәйкес 2026 жылдың ақпан айында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Темір ауданының білім бөлімі» ММ, «Ақтөбе облысының білім басқармасы Шалқар ауданының білім бөлімі» ММ, маусым айында «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мұғалжар ауданының білім бөлімі» ММ жоспарлы тексеріс жүргізілді.
Әкімшілік істер
2026 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында барлығы 44 әкімшілік құқық бұзушылық ісі қозғалды ( заңды тұлға - 15, лауазымды тұлға –7, жеке тұлға - 22) оның ішінде Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексі 409 - бап 2 бөлігімен – 16 (ескерту – 13, 5 АЕК айыппұл – 2, сотқа жолданды-1 (қаралу үстінде)), 409 - бап 7 тармағымен – 4, 463 - баптың 1 бөлігімен – 4 іс қозғалып соттың қарауына жолданды, 464 баптың 1 тармағымен – 9, 462 баптың 1-тармағымен -1, 127-1 баптың бөлігімен -3, 409 баптың 4-тармағы 1) тармақшасымен – 3, 409 баптың 4 бөлігімен - 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
Департаментпен 594 (2569050 теңге) айлық есептік көрсеткіш, соттың шешімімен 200 (865000 теңге) айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынды, салынды, 1 лауазымды тұлғаға «Ескерту» түріндегі әкімшілік жаза қолданылды.
ҚР ӘҚБтК 409 бабының 2 бөлігімен қозғалған екі әкімшілік істер бойынша жеке тұлғалар әкімшілік сотқа шағымданды. Шағым бойынша шешім өзгеріссіз қалдырылды.
ҚР ӘҚБтК 409 бабының 2 бөлігімен қозғалған екі әкімшілік істер бойынша жеке тұлғалар жоғары тұрған орган Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету Комитетіне шағымданды. Шағым бойынша шешім өзгеріссіз қалдырылды.
Бір әкімшілік іс бойынша жеке тұлға әкімшілік хаттаманы соттың қарауына жолдауды ұсынуы себепті әкімшілік сотқа жолданды, 01.07.2026 жыл бойынша бұл мәселе соттың қарауында, сот процесі аяқталған жоқ.