Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың І жарты жылдығында білім беру ұйымдарына жүргізген мониторингі

    ·

    Келешек мектептерінің жай-күйі

    Ақтөбе облысы бойынша 2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында мониторинг 8 жалпы білім беретін Келешек мектептерінің білім беру қызметіне жүргізілді. Олар, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№79 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (300 орындық), «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№80 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ (2000 орындық), «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№82 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ (2000 орындық), «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ «№83 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ (600 орындық), «Ақтөбе облысының білім басқармасы Мәртөк ауданының білім бөлімі» ММ «Саржансай жалпы орта білім беретін мектебі» КММ (300 орындық), «Сазды орта мектебі» КММ, «№85 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ (600 орындық), «№84 жалпы білім беретін орта мектебі» КММ (2000 орындық).

    Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасының жарақтандырылуы, санитарлық тораптармен, оқулықпен, оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілуі, педагог кадрлардың сапалық құрамы, мектепішілік бақылау шараларының жүргізілуі, «Адал Азамат» бағдарламасының іске асырылуы зерделенді.

    https://www.instagram.com/reel/DUAyFQVCGuB/?igsh=MW11dmppeWwxN29lMA ==

    https://www.instagram.com/reel/DUBD3x5DLN2/?igsh=aHlsNHZwaWhsN2px

    https://www.instagram.com/reel/DUBV8AnCDOO/?igsh=MXhsM2JxeGR1cjN5aQ ==

    https://www.instagram.com/reel/DUDUWLGCLlZ/?igsh=bGRhemU4MG1qd24z

    https://www.instagram.com/reel/DUDltT_iMeE/?igsh=OXY0bWdhd3FuMml1

    https://www.instagram.com/p/DUDz31vCGxc/?igsh=MTh3aXNuaWk0MHZ3cw ==

    https://www.instagram.com/reel/DUI5rMiiO46/?igsh=MW9zYWxpdGN5bzJkbQ

    https://www.instagram.com/reel/DUqeBHuiEMs/?igsh=MTAyZmdnZ2pka3F2MQ ==

    https://www.instagram.com/reel/DU_CiqNCMWm/?igsh=MXJ4NHowODBiYXR0bQ ==

    https://www.instagram.com/reel/DV1lRcAiKrX/?igsh=MXZ3bnc2M2MwMXpqdQ==

    Мектепішілік бақылау

    Мектепішілік бақылау бойынша мониторинг Ақтөбе қаласының 8 мектебіне (№75 жалпы білім беретін орта мектебі, Благодар орта мектебі, №18 орта мектебі, Әбіш Кекілбайұлы атындағы №72 жалпы білім беретін орта IT мектеп-лицейі, №51 гимназия, Қаныш Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицей, Ахмет Байтұрсынұлы атындағы лингвистикалық мектеп-гимназия, №8 орта мектебі) маусым айында жүргізілді.

    Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарының «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, орта, арнаулы, қосымша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері жүргізу үшін міндетті құжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бұйрығы талабына сәйкес құрылуы,

    оқу пәндерінің оқытылу жай-күйіне мониторинг жүргізу, электрондық сынып журналдарын тексеру, ТЖБ/БЖБ өткізілуіне бақылау, МБ нәтижелерін педагогикалық кеңесте қарау зерделенді.

    Жаңа оқу жылына дайындық

    Ақтөбе облысы бойынша 172935 оқушыны қамтыған 408 жалпы білім беретін мектеп жұмыс істейді.

    Мемлекеттік білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығына маусым айында мониторингтің І кезеңі жүргізілді.

    Білім беру ұйымдары Интернет желісіне қосылған. Байланыс операторларымен жасалған қолданыстағы келісімшарттар негізінде қызмет алуда.

    Білім беру ұйымдарындағы интернетке қосылу жылдамдығы 50-ден 200 Мбит/с-қа дейінгі аралықты құрайды.

    Қазіргі таңда 9 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге жергілікті бюджеттен 3 088 960,0 теңге көлемінде қаржы қарастырылған. Күрделі жөндеу жұмыстары жалғасуда. Дайындық деңгейі 70 % құрайды.

    262 мектепке ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған. Оның ішінде 183 мектепке 264 372 106,0 теңге көлемінде қаржы қарастырылған. 183 мектепте жөндеу жұмыстары жалғасуда.

    408 мектептің барлығы бейнебақылау жүйесімен толық қамтамасыз етілген. Білім беру ұйымдарында барлығы 18 015 бейнебақылау камерасы орнатылған болса, оның ішінде 12 215-і ішкі, 5 800-і сыртқы камералар.

    Қауіпсіздікті күшейту мақсатында 137 мектепте лицензияланған күзет қызметі ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 216 мектепте турникеттер, 194 мектепте дабыл түймелері орнатылған

    343 мектеп (84%) спорттық жабдықтармен жабдықталған. Сонымен қатар, 318 (77,9%) мектепте химия кабинеті, 309 (75,7%) мектепте биология кабинеті, 320 (78,4%) мектепте физика кабинеті, 101 (24,7%) мектепте робототехника кабинеті жұмыс жасайды.

    Кітапханамен 376 (92,1%) мектеп қамтылған. Оның ішінде 14 мектепте жеке оқу залы бар, ал 45 мектепте оқу залы кітапханамен біріктірілген.

    393 мектеп (96,31%) асханамен, 32 мектеп буфетпен қамтылған. Асханалар мен буфеттер санитариялық талаптарға сәйкес қажетті технологиялық жабдықтармен жарақтандырылған.

    Жалпы білім беретін мектептерде ішкі санитариялық тораптар қамтамасыз етілген. Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар білім алушылар үшін 160 мектепте (39,2%) арнайы жабдықталған санитариялық тораптар жасақталған.

    2026–2027 оқу жылына 1-сыныпқа қабылдау жұмыстары облыстың барлық жалпы білім беретін мектептерінде жалғасуда. Сонымен қатар, мектептерде инклюзивті білім беруді ұйымдастыру бойынша қажетті жағдайлар кезең-кезеңімен қамтамасыз етілуде. Білім беру ұйымдарында ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды оқыту үшін арнайы мамандар (логопед, дефектолог, педагог-ассистент және т.б.) қызмет атқарады, арнайы оқулықтар мен жұмыс дәптерлерімен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, мектептердің басым бөлігінде пандустар орнатылып, кедергісіз орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүзеге асырылған.

    Жүктеу
    8b23fd6c79399bc0dffdb2930e549768_original.17015.docx
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Есеп

    Департамент жанындағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңестің 2026 жылғы 2 тоқсандағы есебі

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті жаныдағы педагогикалық әдеп жөніндегі кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес) міндеттері педагогикалық әдептің бұзылу мониторингі, профилактикасы және оның алдын...

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы а...

    Жарияланды:
    Есеп

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 1 жартыжылдығының жұмысы туралы есептің талдамалық анықтамасы

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті (бұдан әрі - Департамент) мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына ішкі мемлекеттік бақылау бойынша мемлекеттік органның 2026 жылғы 2 тоқсандағы а...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсандағы атқарған ұйымдастырушылық, ақпараттық-түсіндіру және өзге де маңызды іс-шаралары туралы

    27 сәуір күні Ақтөбе облысы әкімі аппаратының отырысында Департамент басшысы өңірдің білім сапасының мәселесі бойынша баяндама жасады. https://www.instagram.com/p/DXrhkWDCBJt/?igsh=MWN3cXk5NjJucWVzMg==. 2.Департаментте п...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі атқарған іс-шаралары

    Департаменттің 2026 жылға арналған жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды: 1-9 сәуір аралығында облыстық білім беру ұйымдарында, соның ішінде Алға, Мұғалжар, Темір аудандары және Ақтөбе қаласының 10 жалпы білі...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында білім беру ұйымдарына жүргізген мониторингінің есебі

    Мектепішілік бақылау Мектепішілік бақылау бойынша 2026 жылдың маусым айында Ақтөбе қаласының 8 мектебіне мониторинг жүргізілді. Мониторинг барысында білім беру ұйымдарының мектепішілік бақылау жоспарының «Мектепке дейінг...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті бойынша 2026 жылдың ІІ тоқсанындағы жүргізілген мемлекеттік бақылау шаралары

    Білім беру ұйымдарын қайта аттестаттау: Есепті кезеңнің ІІ тоқсанында барлығы 16 білім беру мекемесінде мемлекеттік қайта аттестаттау өткізілді (мектеп-10, балабақша-6). Білім беру ұйымдарының қызметі талапқа сәйкес келу...

    Жарияланды:
    Есеп

    Ақтөбе облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдің 2026 жылдың 1- сәуірі -30 маусымы аралығында атқарылған жұмыстарының есебі

    Әдеп жөніндегі уәкілдердің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспары негізінде келесі жұмыстар атқарылды: 1.Мереке күндері алдында жалпыға бірдей қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстану және қызметтік әдеп норм...

    Жарияланды: