Медициналық рентгенологиялық зерттеулер кезіңде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Радиациялық қауіпсіздіктің мақсаты әр түрлі салаларда пайдалану кезінде пайдалы қызметтің негізсіз шектеулерінсіз радиациялық кауіпсіздіктің негізі қағидаттары мен нормаларын сақтау арқылы халықтың, оның ішінде персоналдың денсаулығын иондаушы сәулеленудің зиянды әсерінен қорғау болып табылады.
Халықтың радиациялық қауіпсіздігі адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының денсаулығына зиянды иондаушы сәулеленудің әсерінен қорғалу жағдайы.
Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы заңнамасы Конституциясына Қазақстан Республикасының негізделеді, «Атом энергиясын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, «Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңынан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен негізделеді.
Сонымен қатар, медициналық рентгенологияда диагностикалық ақпараттың саны мен сапасына нұқсан келтірместен пациенттің жеке сәулелену дозасын да, халықтың жалпы сәулелену деңгейін де төмендету үшін мүмкіндіктер бар.
Медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргізу кезіңде халықтың радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азаматтар осы процедураларды жүргізу кезіңде белгіленетін шектеулерді білуі керек, олардың кейібіреулері:
- радиациялық қауіпсіздік сәулеленуді нормалаумен (іс жүзінде сау адамдар үшін профилактикалық медициналық рентгенологиялық процедураларды жүргізу кезіңде жылдық тиімді доза 1 мЗв (0,001зиверт), рентгендік диагностикалық зерттеулер жүргізудің негіздемесімен, халықты (пациенттерді) дозалық жүктемелер, сәулеленудің ықтимал салдары туралы хабардар етумен және т.б. қамтамасыз етіледі;
- 12 жасқа дейінгі балалардың рентгенологиялық зертеулері олардың өкілдерінің немесе медицина қызметкерінің қатысуымен орындалады;
- жас балалардың рентгенологиялық зерттеу кезіңде арнайы иммобилизациялық құрылғылар қолданылады;
- рентгенологиялық зертеулері жүргізу кезіңде бірнеше пациенттің процедуралық бөлмесінде болуына тыйым салынады;
- пациенттік талабы бойынша оған күтілетін жағдай туралы толық ақпарат беріледі немесе немесе ол алған сәулелену дозасы және ықтимал салдары туралы;
- эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті ауруларды анықтау мақсатында жүргізілетін профилактикалық зерттеулерді қоспағанда пациенттің медициналық рентгенологиялық рәсімдерден бас тартуға құқығы бар;
- 14 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдер, сондай-ақ стационарлық емделуге түскен және амбулаториялық немесе емханалық көмекке жүгінген науқастар, егер олар өткен жыл ішінде профилактикалық зерттеуден өткен болса, профилактикалық рентгенологиялық зерттеулерге жатпайды.
Пациенттің жеке дозасының мәне амбулаториялық науқастың медициналық картасына немесе баланың даму тарихына желімделетін дозалық жүктемелерді есепке алу журналында тіркеледі.
Рентгенологиялық зерттеу кезіңде жамбас мүшелерін, қалқанша безді, көзді және дененің басқа бөліктерін, әсіресе репродуктивті жастағы адамдарда қорғау үшін қорғаныс құралдары (жылжымалы, экрандар, алжапқыштар, пластиналар, жағалар) міндетті түрде қолданылады.
Бала туу жасындағы әйелдерді радиологиялық зерттеуге жіберген кезде рентгенолог зерттеу жүргізер алдында соңғы етеккірдің уақытын нақтылауға міндетті. Іш пен жамбас саласындағы барлық зерттеулер етеккір циклінің бірінші онкүндігінде жүргізілуі керек.
Жүкті әйелдерді рентгенологиялық зертеуге тағайындау тек клиникалық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Зерттеулер мүмкіндігінше жүктіліктің екінші жартысында, жүктіліктің үшінші триместрімен шектеліп, жүктілікті тоқтату немесе жедел немесе шұғыл медициналық көмек көрсету қажеттілігі шешілетін жағдайларды қоспағанда жүргізілуі керек. Егер жүктіліктің болуына күдік болса, рентгенологиялық зерттеудің рұқсат етілуі мен қажеттілігі туралы мәселе жүктілік бар деген болжамға сүйене отырып шешіледі.
Қорытындылай келе, пациенттердің, персоналдың және халықтың радиациялық қауіпсіздігі медициналық немесе басқа объектілердегі иондаушы сәулелену көздерінің барлық түрлерінде рентген радиологиялық процедуралардан максималды пайда алу және радиациялық зиянды азайту арқылы қамтамасыз етілетінін атап өткім келеді.