Описторхоз!

    Амангелді ауданының әкімдігі

    Описторхоз

    Описторхоз-бұл адамның ұйқы безін, өт жолдарын және бауырын зақымдайтын табиғи-ошақтық, құрт ауруы. Паразит адам ағзасында ондаған жылдар бойы өмір сүреді. Ұзак уақыт адам ағзасында паразиттік өмір сүретін описторхтар бауыр обырын тудыруы мүмкін.

    Ауру қоздырғышы- үлкендігі1см болатын описторх құрты немесе сібір сорғышы, оның жұмыртқасы өте ұсақ болады. Құрттың жұмыртқасы мен балаңқұрты(личинкасы) қоршаған ортаға төзімді келеді: топырақ үстінде құрт жұмыртқалары 10 күнге дейін, ал су айдындарында 2 жылға дейін сақталады, балаңқұрттар - 12 градуста 1 айға дейін, балықтағы тұздың мөлшері 10% болғанда 37күнге дейін, қақталған балықта 20 күнге дейін сақталады. Балықты ыстықтай қақтау балаңқұрттарды жойып жібереді, ал суықтай қақтау олардың өмір сүруіне әсер етпейді .

    Біздің елімізде описторхоздың ең үлкен табиғи ошағы - Ертіс өзенінің бойындағы Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстары.Описторхтың балаңқұрттары тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтарда болады. Құрттың даму ерекшеліктеріне байланысты Ертіс өзенінің төменгі ағысында балықтардың описторх құртымен залалдануы жоғары, сол себепті описторхоз ауруының көп таралуы- аурушаңдық бойынша қолайсыз аумақтар - Семей, Курчатов қалаларының тұрғындары арасында да байқалады. Описторхозбен балықшылар, су көлігінің жұмысшылары және өзен жағалауы тұрғындары жиі ауырады, ауру жаз-күз мезгілдерінде жұғады.

    Описторхоз ауруы қалай жұғады?

    Адам ағзасына паразиттің балаңқұрттары шикі немесе жеткіліксіз қақталған, сүрленген, пісірілген, қуырылған тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтарды жегенде түседі.Адам ағзасында 1 айдан кейін описторхистың балаңқұрттары ересек құртқа айналып,қоршаған ортаға жұмыртқа бөле бастайды. Адамның нәжісі арқылы паразиттің жұмыртқалары қоршаған ортаға таралады, топырақтан жауын суымен суайдындарына түседі.Құрттың жұмыртқалары алдымен судағы моллюскаларда өсіп, дамиды да кішкене балаңқұрттар пайда болады, олар тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтардың ағзасына түсіп, ересек балаңқұрттарға айналады.

    Ауру белгілері қандай?

    Аурудың жасырын кезеңі описторхистың балаңқұрттары адам ағзасына түскеннен кейін 2-4 аптаға созылады. Науқастың оң жақ қабырғасының асты, бұлшық еттері мен буындары ауырады, жүрегі айнып, басы ауырады, ыстығы 37- 38° градусқа дейін көтеріледі, теріде бөрткендер, есекжем, ісік пайда болады, яғни ешқандай себепсіз пайда болып немесе жоқ болып кететін аллергия дамиды, суыққа да аллергия пайда болады.Асқазан-ішек жолдары қызметінің бұзылуы, қаназдылық, аурудың соңғы кезеңінде созылмалы холецистит, панкреатит, гастродуоденит белгілері байқалады, ауыр асқынуларға - ішектің түйілуі жатады. Описторхозда ешқандай ауру белгілерінің байқалмай бірден бауыр обырыныңпайдаболуы мүмкін. Клиникалық-диагностикалық зертханаларда науқастың нәжісін микроскоппен қарау арқылы описторхистың жұмыртқаларын анықтауға болады.

    Описторхоз ауруының алдын алу жолдары

    1.Шикі және жеткілікті тұздалмаған, пісірілмеген тұқы(карп) тұқымдастарына жататын балықтарды жеуге болмайды.

    2.Описторхистың балаңқұрттарынан балықты зарарасыздандыру келесі тәсілдер арқылы жүргізіледі:

    - мұздатутәсілі:- 18°С температурада 14 тәулікбойы,

    - балық котлеттерін және кішкене тілімдерге бөлінген балықтарды 20минут бойы қуыру қажет. Ұсақ балықтарды тұтаскүйінде 20минут бойы қуыру керек, балық қосылған пирогты 45-60 минут пісіру қажет,

    - балықты кішкене тілімдерге бөліп, қайнаған соң 20 минут, ал балық тұшпараларын қайнаған соң 10 минут пісіру керек.

    3. Шикі балықты дайындаған кезде бөлек пышақ, тәрелке, тақтайша пайдалану қажет.

    4. Сатуға рұхсат етілмеген жерлерден балық алмаған дұрыс.

    5. Өзен жағалауларын нәжіспен ластамау қажет.

    Жүктеу
    35d139e583a01dab85cb708c74b6baeff2ff7b3a88e49e3deacf2da2620cbee8_original.13924.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Халыққа шаштараз қызметтерін көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.

    Халыққа шаштараз қызметтерін көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Шаштараздар, сұлулық салондары және т.б. халықтың денсаулығына әсер етуі мүмкін объектілердің қатарына жатады. Әр түрлі...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Менингококк: тез әрекет етуді қажет ететін инфекция.

    Менингококк: тез әрекет етуді қажет ететін инфекция. Менингококк инфекциясы – өлімге әкелетін қауіпті аурудың бірі. Жұқпаның қоздырғышы Neisseria meningitidis бактериялары, қазіргі кезде 12 түрі анықталған, олардың 6-уы...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Медициналық рентгенологиялық зерттеулер кезіңде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

    Медициналық рентгенологиялық зерттеулер кезіңде радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Радиациялық қауіпсіздіктің мақсаты әр түрлі салаларда пайдалану кезінде пайдалы қызметтің негізсіз шектеулерінсіз радиациялық кауі...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Ұнды фортификациялау!

    Ұнды фортификациялау — бидайдың жоғары және бірінші сұрыпты ұнын тағамдық құндылығын арттыру және ағзадағы микронутриенттер тапшылығының алдын алу мақсатында дәрумендер мен минералды заттармен байыту процесі. Дәнді ұнтақ...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Педикулез (биттену) туралы не білеміз?

    Педикулез(биттену) туралы не білеміз? Педикулез/латын тілінен алғанда, рediculus humanus/- адам биті деген мағынаны білдіреді, биттердің адам денесінде паразиттенуі. Педикулез ауруыныңтаралуына көп жағдайда әлеуметтік фа...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Денге безгегі

    Денге безгегі Денге безгегі - масалар арқылы берілетін вирустық инфекция. Ол әлемнің тропикалық және субтропикалық аймақтарында кең таралған. Ол аналық Aedes масаларының шағуынан туындайды. Ол тек маса жұқтырған адамды ш...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ 13.11.2026 ЖЫЛҒА ТЕКТІ МӘЛІМЕТ

    Рет№ п/п Орган атауы / Наименование органа 1 «Амангелді ауданының Қабырға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Главный специалист ГУ "Аппарат акима Кабыргинского сельского округа Амангельдинского района" 2 «Ам...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Құтырма ауруынан сақ болыңыз!

    Құтырма ауруынан сақ болыңыз! Құтырма ауруы- негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, әрі өліммен аяқталатын аса-қауіпті жұқпалы ауру. Бұл жұқпаның көзі жабайы аңдар /қасқыр,түлкі,қарсақ / саналады. Олардан ит, мысық...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды: