Халыққа шаштараз қызметтерін көрсету объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар.
Шаштараздар, сұлулық салондары және т.б. халықтың денсаулығына әсер етуі мүмкін объектілердің қатарына жатады. Әр түрлі парентеральды гепатиттермен, адамның иммун тапшылығы вирусымен және тері арқылы берілетін инфекциялармен инфекцияның алдын алу үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау өте маңызды.
Сондықтан шаштараздарға, сұлулық салондарына және косметикалық қызмет көрсету объектілеріне барған кезде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 26 шілдедегі № ҚР ДСМ-67 бұйрығымен бекітілген "Коммуналдық мақсаттағы объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларында көзделген талаптардың орындалуына назар аударған жөн.
Косметикалық және шаштараз қызметтерін көрсететін объектілерге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар:
Осы объектілердің үй жайлары тұрғын үйлерден бөлек орналасуы және жеке кіреберісі болуы тиіс;
Косметикалық кабинеттер мен шаштараздар ыстық және суық сумен жабдықталған раковинамен жабдықталуы керек;
Шаштараз қызметтерін көрсету залында таза киім мен парфюмерлік-косметикалық құралдар жабық шкафтарда сақталуы тиіс. Пайдаланылған киім қайта қолданылмайды. Нысан бір реттік құралдар мен материалдардың қорымен, сондай-ақ таза киім мен косметикалық құралдарды сақтауға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етілуі тиіс;
Келушілерге парфюмерлік-косметикалық өнімдерді, тері, шаш және тырнақ күтімі құралдарын қолдануға, сақтауға және беруге олардың қауіпсіздігін растайтын құжаттар болған кезде ғана жол беріледі.
Тарақтар, щеткалар, қайшылар әр клиенттен кейін дезинфекциялық ерітіндіге толығымен батырылып, химиялық әдіспен немесе ультракүлгін сәулемен өңделіп, содан кейін ағынды сумен жуылуы керек;
Электр ұстаралардың алынбалы пышақтары, косметологиялық аппараттардың электродтары әр клиенттен кейін екі рет дезинфекциялау құралымен (15 минут аралықпен) өңделуі тиіс.
Терінің немесе шырышты қабықтың зақымдануы мүмкін барлық манипуляциялар клиенттің қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. Тері зақымданған жағдайда, аймақ рәсімге дейін және одан кейін дезинфекциялануы керек.
Естеріңізге сала кетейік, жоғарыда аталған санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау осы қызмет түрін алу кезінде денсаулығыңызды сақтаудың маңызды шарты болып табылады.