Амангелді ауданының әкімдігі

    Жалпы ақпарат

    "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі жергілікті мемлекеттік басқару саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    "Амангелді ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ 13.11.2026 ЖЫЛҒА ТЕКТІ МӘЛІМЕТ

    Рет№ п/п Орган атауы / Наименование органа 1 «Амангелді ауданының Қабырға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Главный специалист ГУ "Аппарат акима Кабыргинского сельского округа Амангельдинского района" 2 «Амангелді ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» КММ бас маманы Главный специалист КГУ «Отдел занятости и социальных программ акимата Амангельдинского района» 3 «Амангелді ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» ММ бас маманы Главный специалист ГУ «Отдел предпринимательства и сельского хозяйства акимата Амангельдинского района» 4 «Амангелді ауданы әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» КММ бас маманы Главный специалист КГУ «Отдел экономики и бюджетного планирования акимата Амангельдинского района» *Ответственный за консультирование по кадровым вопросам руководитель отдела кадров аппарата акима района Хамитов Гафур Фаридович, рабочий телефон 8(714-40)2-18-70 *Кадрлық сұрақтар бойынша жауап беруші аудан әкімі аппараты кадрлар бөлімінің басшысы Хамитов Ғафур Фаридұлы, жұмыс телефоны 8(714-40)2-18-70

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құтырма ауруынан сақ болыңыз!

    Құтырма ауруынан сақ болыңыз! Құтырма ауруы- негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, әрі өліммен аяқталатын аса-қауіпті жұқпалы ауру. Бұл жұқпаның көзі жабайы аңдар /қасқыр,түлкі,қарсақ / саналады. Олардан ит, мысық т.б үй жануарларға жұғады. Жұқпа адамға тістеген кезде, денедегі жарақаттар арқылы жұғады. Адамдар арасында бұл ауруды негізінен ит, мысық және ауырған үй жануарлары таратады. Ауру жануарлар тістегеннен кейін бірнеше күннен, кейде бірнеше айдан кейін басталады. Қол, саусақтарынан, басынан, бетінен тістеген жерлер өте қауіпті болғандықтан, бұл жағдайда инкубациондық кезең қысқарады. Сондықтан, жарақаттанған әр адам құтырмаға қарсы вакцинаның аурудан сенімді қорғайтынын білуі қажет. Егер адамды жабайы жануарлармен үй жануарлары тістеген немесе тырнаған жағдайда зардап шеккенді дереу дәрігерге апарып, құтырмаға қарсы антирабикалық екпе алуы керек. Вакцина барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде бар, ақысыз егеді. Егу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым ауруды жеңуге мүмкүндік бар. Егер, сізге біреуді тістеген немесе қапқан жануар құтырған болуы мүмкін деген ой келсе: -тістеген жерді бірнеше минут бойы сабынды сумен жуып, жара шеттерін спиртпен немесе иод ерітіндісімен сүрту қажет; - жануарды өлтірмеңіз, ветеринар мамандары келгенше сыртқа шығармай ұстаңыз; -егер жануар бір аптаға жетпей өлсе /егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе /зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы екпе жасалады; -егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге тырыспаңыз, мал дәрігері оларды 10 күн бақылауда ұстайды, дәл осы уақытта жануардың клиникалық құтырмасы білінеді немесе жануар сауығады. Жануар осы мерзім ішінде сауыққан жағдайда ғана, егуді қабылдау тоқтатылады. Осы сақтық шараларын сақтау адам өмірін өлімнен сақтап қалуы мүмкін. Құтыруды шұғыл алдын алу кезінде вакцинация курсының аяқталуынан кейін ең азы 6- ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты қыздырынуға, тоңазуға болмайды. Құрметті ауылдастар! Өздеріңіз асырып, бағып отырған иттеріңізді байлап ұстаңыздар. Бос жүрген иттеріңіз ауыл тұрғындарына, әсіресемектепке баратын балаларымыздың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, аурудың алдын алып, иттеріңізді байлап ұстап, аурудың болдырмауына бәріміз ат салысайық!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылша дерті-сақтаныңыз!

    Қызылша дерті-сақтаныңыз! Ауру көбіне шет елдерден келетінін, сондықтан көші-қон факторларын ескере отырып, аурудың әкеліну қаупінің жоғары екенін ескертеді. Қызылша- ауа тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы вирустық ауру. Жұқпа адамнан адамға ауа арқылы жөтелу, түшкіру кезінде беріледі.Аурудың алғашқы белгілері- жөтел,дене температурасының көтерілуі, көзден жас ағуы, жарыққа сезімталдық және бөртпе, ол бастапқыда бетте,құлақтың артында,содан кейін бүкіл денеге пайда болады. Аурудың асқынуынан ,ортаңғы құлақтың,өкпенің, кеңірдектің,бронхтың қабынуы,көз көрмей қалуы мүмкін.Науқас кез келген қабыну мен асқынудан өлуі мүмкін. Сондықтан,ондай жағдайға ұшырамау үшін екпе алған дұрыс. Қызылшаға қарсы вакцинация 1 жаста және 6 жаста екі рет жасалады, бұл вакцинацияланған адамдарда өмір бойы болатын вакцинациядан кейінгі иммунитеті дамытуға мүмкіндік береді.Қызылшаға қарсы вакцинаның әрбір алынған дозасы баланың иммунитетін күшейтеті. Көбіне балалар ауырады. Сондықтан, ата-ана балаға жауапкершілікпен қараса екен дейміз. Егілген бала бір рет ауырса, қайталап ауыра қоймайды дейді -эпидемиолог дәрігерлер.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Менингококкты инфекция

    Менингококкты инфекция Менингококкты инфекция - жедел респираторлы бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы арқылы берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен,аурудың симптомсыз түрінен бастап, іріңді менингококкты сепсиске дейінгі клиникалық түрлерімен сипатталатын жұқпалы ауру. Қоздырғышы – менингококк (Neisseria meningitides) менингитпен ауырған адамдардың жұлын сұйықтығынан бөлінген. Менингококк экзотоксин түзбейді, бірақ клетка ыдырағанда өте күшті эндотоксин бөлінеді. Менингококктар қоршаған орта факторларына төзімсіз. Температураның оптималды жағдайын ауытқуы, құрғатылу тез өлтіреді. Сондықтан зерттеу материалы тасмалданғанда бұл жағдайлар ескерілуі қажет. Қолданыстағы дезинфектанттардың бәріне сезімтал. Антибактериалды препараттарға сезімталдығы жоғары. Соңғы жылдары сульфаниламидтерге төзімділік қалыптасқаны айқын аңғарылады, сондықтан бұл топтағы препараттар қолданылмайды. Жұқпа көзі- науқас адам және бактерия тасымалдаушы. Қоздырғыштың берілу механизмі - ауа-тамшы жолымен. Қоздырғыш қоршаған ортаға төзімсіз болғандықтан ауа - шаң жолымен, тұрмыс заттарымен беріле алмайды. Ауруға ең көп шалдыққандар 5 жасқа дейінгі балалар. Инкубациялық кезең –3-10 күн. Жедел назофарингит– ең жиі кездесетін түрі. 1-3 күн дене қызуының аздап көтерілуі мен әлсіздік, жалпы улану белгілері (бас ауруы, бас айналу) болады. Сонымен бірге мұрынның бітелуі, кілегей қабаттарының қызаруы, құрғауы білінеді. Менингит:ауру жедел басталады. Қалтырау және дене қызуы 38-40ºC – қа көтерілуі болады. Ауру жалпы әлсіздікпен, көз алмасының ауырсынуымен, маңдай, самай, сирегірек шүйде аймақтарының ауырсынуымен сипатталады. Ал кішкентай баланың анасы аурудың қай уақытта басталғанына дейін айта алады. Ауру біртіндеп күшейе бастайды. Басының ауырғаны күшейіп, анальгетиктерге басылмайды. Науқастың жағдайы күрт төмендеп, ақыл есі бұзыла бастайды. 10-14 сағаттың ішінде аяқ-қолдарының терісіне жұлдызша тәрізді геморрагиялық бөртпелер шыға бастайды. Ауыр түрінде геморрагиялық элемент өте үлкен ортасында некроз болады. Көз склерасында, мұрын жұтқыншақтың кілегей қабатына қан құйылулары байқалады. Мұрыннан, асқазаннан, жаттырдан қан кету болады. Науқасты қараған кезде менингеальды симптомдар аңғарылады. Шүйде бұлшықетінің тартылуы, Керниг, Брудзинский симптомы, жарықтан қорқу, гиперестезия дамиды. Науқас көбіне бір қырынан, аяқ-қолдарын жинап («ит тәрізді») жатады. Алдын алу шаралары.Ұжымдарда, әсіресе мектеп жасына дейінгі балалар ұжымдарында санитариялық-эпидемиологиялық ережелерді сақтау. Бөлмені жиі-жиі желдету, ылғалды өңдеу, бактероциттік шам қолдану қоздырғыштың берілу механизмін әлсіретеді. Ауруға шалдығу деңгейінің артуы байқалғандасанитариялық ағарту жұмыстарын жандандыру қажет. Жас балалардың аналарымен, жасөспірімдермен, балалар ұжымдарының күтушілерімен, тәрбиешілерімен , тұрмыста қолданылатын дезинфектанттар, мінез – құлық әрекеттері және т.б. эпидемиологиялық маңызды мәселелер бойынша әңгіме өткізу, санбюллетеньдер шығарып түсіндіру жұмыстарын жандандыру маңызды. Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұстанымдардың орындалуы туралы

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұстанымдардың орындалуы туралы

    Жарияланды: