
Кеделбаев Қанат Уәшұлы
Амангелді ауданының әкімі
Туған күні, айы, жылы: 02.07.1970 Туған жері: ҚазССР; Қостанай облысы; Амангелді ауданы; Сартал ауылы Меңгерген тілдері: · Қазақша, орысша Білімі, мамандығы (біліктілігі), лицензиялары: ·Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты (2004) Мамандығы - "биология және химия" Қостанай инженерлік-экономикалық университеті (2013) Мамандығы - " экономика " Аудан аумағында Қазақстан Республикасы Заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтарының, жоғары тұрған мемлекеттік органдардың басқа да актілерінің орындалуын ұйымдастырады, облыс әкімі аппаратымен, облыс және аудан кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің басшыларымен ауданның халық шаруашылығы кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасайды. «Қазақстан-2030» стратегиясының, «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» стратегиясының орындалуын ұйымдастырады және бақылайды. Кадр саясатын жүзеге асырады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдайды. Мемлекеттік саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының жай-күйіне жауапты болады. Аудан әкімі орынбасарларының, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінің жұмысын үйлестіреді.
























