
Төленов Сахан Оңжанұлы
Амангелді ауданы әкімінің орынбасары
Өмірбаян
Төленов Сахан Оңжанұлы 1974 ж 26 мамырда Амангелді ауданы Құмкешу ауылында дүниеге келген.
Жанұялы. Білімі жоғары .
1990 жылы «ВЛКСМ-ның 30 жылдығы атындағы» орта мектепті аяқтаған.
1996 жылы Қостанай Мемлекеттік Университетінің филология факультетін үздік бітірсе, 2004 жылы осы университеттің Заң факультетін аяқтап, «заңгер» мамандығын алған.
1997-2000 жылдар аралығында Құмкешу орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
2000-2007 жылдар аралығында Ә.Боранбаев орта мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, «Амангелді арайы» газетінде редактордың орынбасары, аудандық білім бөлімінің әдіскері болып қызмет атқарды.
2007-2012 жылдары Бүйректал орта мектебінің директоры, 2012-2017 жылдары аралығында «Амангелді аудандық білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болды.
2017 жылдың қараша айынан А.Иманов атындағы мемориалдық музейінің директоры.
2024 жылдан осы уақытқа дейін «Науырзым ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымында қызмет атқарған.
Амангелді ауданы маслихатының 8-ші шақырылым депутаты болып сайланған.
08.05.2025 - Амангелді ауданы әкімінің орынбасары
Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары
Мектепке дейінгі балалар, жалпы білім беру мекемелерінде, бастауыш және орта кәсіптік білім беру , дін, көші - қон және демография, жастар саясаты, санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау оқу орындарында білім беру қызметтерін ұсыну мәселелеріне жетекшілік етеді . Аудандық, облыстық және республикалық бағдарламалардың орындалуын, аудандық комиссиялардың, әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі кеңестердің, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және алдын алу , нашақорлық және есірткі бизнесі жөніндегі кеңестердің жұмысын ұйымдастырады. Жергілікті атқарушы органдардың әлеуметтік саланы, білім беруді , демографияны, мәдениетті, ішкі және жастар саясатын, дін, дене шынықтыру және спорт, туризм, тілдерді дамыту мәселелері жөніндегі қызметін үйлестіреді. Азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерін, өзге де нормативтік құқықтық актілерді орындауына жәрдемдеседі. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөнінде шаралар қабылдайды. Білім беру , дене шынықтыру және спорт, әлеуметтік - мәдени сала мекемелерінің қызметі мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне қолдау көрсетеді және жәрдемдеседі. Өз құзыреті шегінде жалпыға бірдей әскери міндет және әскери қызмет туралы мәселелер бойынша заңнаманың орындалуын ұйымдастырады, қамтамасыз етеді, әскери тіркеу және әскери қызметке шақыру жөніндегі іс- шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді . Аудан аумағында орналасқан табиғат, тарих, мәдениет, сәулет ескерткіштерін, экологиялық, тарихи, мәдени немесе ғылыми құндылығы бар өзге де объектілерді сақтау бойынша жұмыс жүргізеді. Аудан аумағындағы қоғамдық-саяси және әлеуметтік ахуалға мониторинг жүргізеді. Үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен, кәсіподақтармен, қорлармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады . Өзіне жүктелген өзге де міндеттерді орындайды. Ведомстволық бағынысты бөлімдердің көрсетілетін қызметті беруші органдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуін, мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруын бақылау.
Жетекшілік етеді: " Амангелді ауданы әкімдігінің ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі" мемлекеттік мекемесі; " Амангелді ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі" мемлекеттік мекемесі; Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия; Жастар Совет жөніндегі аудандық Кеңес Көші- қон, халықтың демографиясы, қандасы мәселелері; Амангелді ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі аудандық комиссия; Қоғамдық кеңес, Қоғамдық келісім кеңесі, Аналар кеңесі Әйелдер істері және отбасылық – демографиялық саясат жөніндегі комиссия; №4 "Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл " (ТБН-4) үлгілік, базалық бағытын іске асыруға жауапты. Өзара іс-қимылды жүзеге асырады: Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Амангелді аудандық бөлімшесі; Халыққа қызмет көрсету орталығы; " Амангелді ауданы бойынша Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы" мемлекеттік мекемесі; "Амангелді аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі" ММ; "Амангелдіаудандық мемлекеттік мұрағаты" мемлекеттік мекемесі;



