Құтырма ауруынан сақ болыңыз!

    Амангелді ауданының әкімдігі

    Құтырма ауруынан сақ болыңыз!

    Құтырма ауруы- негізінен орталық жүйке жүйесін зақымдайтын, әрі өліммен аяқталатын аса-қауіпті жұқпалы ауру. Бұл жұқпаның көзі жабайы аңдар /қасқыр,түлкі,қарсақ / саналады. Олардан ит, мысық т.б үй жануарларға жұғады. Жұқпа адамға тістеген кезде, денедегі жарақаттар арқылы жұғады. Адамдар арасында бұл ауруды негізінен ит, мысық және ауырған үй жануарлары таратады. Ауру жануарлар тістегеннен кейін бірнеше күннен, кейде бірнеше айдан кейін басталады. Қол, саусақтарынан, басынан, бетінен тістеген жерлер өте қауіпті болғандықтан, бұл жағдайда инкубациондық кезең қысқарады. Сондықтан, жарақаттанған әр адам құтырмаға қарсы вакцинаның аурудан сенімді қорғайтынын білуі қажет. Егер адамды жабайы жануарлармен үй жануарлары тістеген немесе тырнаған жағдайда зардап шеккенді дереу дәрігерге апарып, құтырмаға қарсы антирабикалық екпе алуы керек. Вакцина барлық емдеу-профилактикалық мекемелерінде бар, ақысыз егеді. Егу неғұрлым ерте басталса, соғұрлым ауруды жеңуге мүмкүндік бар.

    Егер, сізге біреуді тістеген немесе қапқан жануар құтырған болуы мүмкін деген ой келсе:

    -тістеген жерді бірнеше минут бойы сабынды сумен жуып, жара шеттерін спиртпен немесе иод ерітіндісімен сүрту қажет;

    - жануарды өлтірмеңіз, ветеринар мамандары келгенше сыртқа шығармай ұстаңыз;

    -егер жануар бір аптаға жетпей өлсе /егер ол өлтірілген болса немесе ұстатпай кетсе /зардап шеккен адамды ауруханаға апарыңыз, сол жерде оған қатарынан бірнеше рет құтыруға қарсы екпе жасалады;

    -егерде белгілі иттен немесе мысықтан жарақат алсаңыз өлтіруге тырыспаңыз, мал дәрігері оларды 10 күн бақылауда ұстайды, дәл осы уақытта жануардың клиникалық құтырмасы білінеді немесе жануар сауығады. Жануар осы мерзім ішінде сауыққан жағдайда ғана, егуді қабылдау тоқтатылады. Осы сақтық шараларын сақтау адам өмірін өлімнен сақтап қалуы мүмкін.

    Құтыруды шұғыл алдын алу кезінде вакцинация курсының аяқталуынан кейін ең азы 6- ай бойы алкоголь қолдануға, ауыр дене еңбегімен айналысуға, қатты қыздырынуға, тоңазуға болмайды.

    Құрметті ауылдастар! Өздеріңіз асырып, бағып отырған иттеріңізді байлап ұстаңыздар. Бос жүрген иттеріңіз ауыл тұрғындарына, әсіресемектепке баратын балаларымыздың өміріне қауіп төндіреді. Сондықтан, аурудың алдын алып, иттеріңізді байлап ұстап, аурудың болдырмауына бәріміз ат салысайық!

    Жүктеу
    02115f25f9c0e74b1f94172705e45af91e254b7c33dcf9b18989499f4873ad75_original.12476.docx
    DOCX · 12 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    АМАНГЕЛДІ АУДАНЫ БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІҢ БОС ЛАУАЗЫМ ОРЫНДАРЫ ТУРАЛЫ 13.11.2026 ЖЫЛҒА ТЕКТІ МӘЛІМЕТ

    Рет№ п/п Орган атауы / Наименование органа 1 «Амангелді ауданының Қабырға ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы Главный специалист ГУ "Аппарат акима Кабыргинского сельского округа Амангельдинского района" 2 «Ам...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қызылша дерті-сақтаныңыз!

    Қызылша дерті-сақтаныңыз! Ауру көбіне шет елдерден келетінін, сондықтан көші-қон факторларын ескере отырып, аурудың әкеліну қаупінің жоғары екенін ескертеді. Қызылша- ауа тамшылы инфекциялар тобына жататын жедел жұқпалы...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Менингококкты инфекция

    Менингококкты инфекция Менингококкты инфекция - жедел респираторлы бактериалды қоздырғышы ауа-тамшы арқылы берілетін, мұрын-жұтқыншақ кілегей қабатының зақымдалуымен, жұмсақ ми қабығының қабынуымен,аурудың симптомсыз тү...

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұстанымдардың орындалуы туралы

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша енгізілген ұстанымдардың орындалуы туралы

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Амангелді ауданы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің тізімі

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесі

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Амангелді ауданының әкімдігіЖарияланды: