Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕП

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕП

    Жастар саясатын іске асыру және жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025–2026 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

    Құжат жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғалу, тұрғын үймен қамтамасыз ету және белсенді жастарға арналған инфрақұрылымды дамыту сияқты негізгі бағыттарды қамтитын 59 тармақтан тұрады.

    2025 жылы Жоспарда көзделген барлық іс-шаралар белгіленген мерзімде және толық көлемде іске асырылды.

    Ағымдағы жағдайды талдау

    Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 712,3 мың жас тұрады (қала тұрғындарының жалпы санының 32%-ы), оның ішінде 455,6 мыңы – жұмыс істейтін жастар.

    Анықтама: Алмалы ауданы – 83 мың, Алатау ауданы – 122,6 мың, Әуезов ауданы – 106,3 мың, Бостандық ауданы – 117 мың, Жетісу ауданы – 59 мың, Медеу ауданы – 71,9 мың, Наурызбай ауданы – 72 мың, Түрксіб ауданы – 80,5 мың.

    Қалада 35 жоғары оқу орны және 88 колледж бар. Оларда 321,6 мың студент білім алуда (колледждерде – 85,5 мың, ЖОО-ларда – 236,1 мың), оның ішінде 185,5 мыңы – басқа өңірлерден келген студенттер (колледждерде – 36 мың, ЖОО-ларда – 149,5 мың).

    Жыл басынан бері NEET санатындағы жастардың үлесі 0,6%-ға төмендеді (2024 жылдың қорытындысы бойынша 6,4% немесе 42,2 мың адамнан 2025 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша 5,8% немесе 39,2 мың адамға дейін).

    2025 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,0%-ды немесе 18,7 мың жасты құрады (республика бойынша – 3%).

    1. Жастарды жұмыспен қамту және оқытуды қамтамасыз ету

    2025 жылы 24,4 мың жас жұмысқа орналастырылды.

    Анықтама: Қалалық мансап орталығы арқылы – 4 мың, «Мансап күндері» жобасы аясында – 1,9 мың, «Skill All» қысқа мерзімді курстары арқылы – 7,2 мың, «Жасыл ел» бағдарламасы аясында – 2,1 мың, Еңбек мобильділігі орталығы арқылы – 9,2 мың жас жұмысқа орналастырылды.

    Сұранысқа ие мамандықтарға оқытуға ерекше назар аударылды: 12 мыңнан астам жас оқудан өтіп, оның 7,2 мыңға жуығы жұмысқа орналастырылды.

    2023 жылы NEET санатындағы жастардың үлесі шамамен 8,3%-ды, 2024 жылы – 6,4%-ды, 2025 жылы – 5,8%-ды құрады.

    2025 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4%-ды құрап, 2024 жылмен (4,4%) салыстырғанда 0,4%-ға төмендеді.

    Анықтама: 2022 жылғы 15 желтоқсандағы №4/705 «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасын және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында «NEET санатындағы жастардың үлесін 5,2%-ға дейін төмендету» индикаторы көзделген.

    2024 жылдың қорытындысы бойынша жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,4%-ды құрады. 2025 жылғы деректер бойынша көрсеткіш 4%-ды құрап, жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ға төмендеді.

    Анықтама: Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің деректеріне сәйкес, 2024 жылдың қорытындысы бойынша еліміздің қалалары арасында жастар жұмыссыздығының деңгейі: Алматы қаласында – 4%, Астана қаласында – 3,8%, Шымкент қаласында – 3,1%, республика бойынша – 3%.

    2. Жастармен жұмыс істеу инфрақұрылымының қызметі туралы

    2023–2025 жылдары Алматы жастарының азаматтық белсенділікке қатысу деңгейінің өсуі байқалады.

    2023 жылы жастардың белсенді азаматтық ұстанымын дамытуға бағытталған Жастар ресурстық орталықтары жұмыс істеді. Олардың аясында 1,2 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 120 мыңнан астам жас қамтылды.

    2024 жылы жастардың әлеуетін толыққанды іске асыру және оларға атаулы көмек көрсету мақсатында халықаралық тәжірибе, атап айтқанда Страсбург пен Будапешттегі Еуропалық жастар орталықтарының үлгісі негізінде 8 жастар комьюнити-орталығы ашылды.

    Комьюнити-орталықтардың Жастар ресурстық орталықтарынан негізгі айырмашылығы – консультациялық жұмыс барысында алынған дағдыларды тәжірибеде іске асыру үшін кеңес беру мен тиісті инфрақұрылымды ұсынуды қамтитын кешенді тәсіл.

    Аталған орталықтарда 1,7 мыңнан астам іс-шара өткізіліп, 380 мыңнан астам адам қамтылды. Психологиялық және заңгерлік көмек көрсету, жұмысқа орналастыру және кәсіптік бағдар беру бойынша жүйелі жұмыс ұйымдастырылды.

    2025 жылы жаңа форматқа ауқымды көшу жүзеге асырылды: орталықтардың саны 11-ге дейін ұлғайтылып, олардың функционалы айтарлықтай кеңейтілді – базалық қолдаудан жастар үшін білім беру, отбасылық, әлеуметтік, мәдени және қалалық ортаны қалыптастыруға дейінгі бағыттарды қамтыды.

    2,5 мыңнан астам іс-шара (дәрістер, семинарлар, экоакциялар, зияткерлік ойындар, акустикалық кештер, викториналар мен квиздер, шеберлік сабақтары, үстел ойындары және спорттық турнирлер) өткізіліп, 570 мыңнан астам адам қамтылды.

    17,6 мыңнан астам жас жеке консультация алды, оның ішінде 10,8 мыңы – жұмысқа орналасу мәселелері бойынша, 6,8 мыңы – психологиялық және заңгерлік көмек бойынша.

    Орталықтар NEET санатындағы жастарға ғана емес, қалалық қоғамдастықтардың кең ауқымына бағытталған қалалық жастар инфрақұрылымының негізгі өзегіне айналды.

    3. Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету

    Алматы қаласында ЖОО-лардың 236,1 мыңнан астам студенті білім алады, оның ішінде 149,5 мыңы – басқа өңірлерден келген студенттер.

    Қазіргі уақытта 44,7 мың төсек-орынды қамтамасыз ететін 131 жатақхана жұмыс істейді. Бүгінде тапшылық шамамен 11,6 мың төсек-орынды құрайды.

    Жатақханалар құрылысын үйлестіру мақсатында қала әкімдігі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп Қазақстандағы жалғыз бірыңғай Жобалық офисті құрды.

    2023–2024 жылдары 8 273 төсек-орынға арналған 30 нысан пайдалануға берілді, оның ішінде:

    – 2023 жылы – 3 969 төсек-орынға арналған 14 нысан;

    – 2024 жылы – 4 304 төсек-орынға арналған 16 нысан.

    2025 жылы 4 500 орынға арналған 13 нысан пайдалануға берілді.

    Анықтама: Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – 200 орын, ХБК (ҚазБСҚА) – 345 орын, Азаматтық авиация академиясы – 482 орын, ОАУ 1-корпусы – 1 249 орын, «Саят» ЖК – 100 орын, «KBD INSURANCE» ЖК – 250 орын, «Шуакаев» ЖК – 100 орын, «Данияр» ЖК – 150 орын, «Аблайхан» ЖК – 60 орын, «Камшат» ЖК – 100 орын, «Skif» ЖК – 140 орын, «Байбаракова» ЖК – 152 орын, ОАУ 2-корпусы – 1 172 орын.

    4. Қаланы белсенді жастар кеңістігі ретінде дамыту

    Жастарды қаланың дамуына тарту негізгі бағыттар арқылы жүзеге асырылады: жұмысшы мамандықтарын дәріптеу, құқықтық және азаматтық тәрбие, экологиялық мәдениет, медиа-белсенділік, мәдени және халықаралық ынтымақтастық, сондай-ақ жобалар мен іс-шараларға қатысу арқылы қалалық инфрақұрылымды дамыту.

    Қазақстан Республикасында 2025 жыл Жұмысшы мамандықтары жылы болып жариялануына байланысты Алматы қаласында түрлі форматтағы 120-дан астам іс-шара өткізіліп, 24 мыңнан астам жас қамтылды.

    Жұмысшы мамандықтарын дәріптейтін медиаконтент шығару маңызды бағыттардың біріне айналды.

    «Бейне» деректі жобасы аясында жұмысшы мамандықтарының өкілдері – темір ұстасы, өрт сөндіруші-құтқарушы, әлеуметтік кәсіпкер және басқа да мамандар туралы 10 сериялы шағын фильм дайындалып, жарияланды.

    Қысқаметражды деректі шығарылымдар әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 25 мыңнан астам қаралымды қамтамасыз етті.

    2025 жылы Алматы қаласында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастардың құқықтық санасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы іске асырылды.

    330-дан астам іс-шара өткізіліп, 30 мыңнан астам жас қамтылды. Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» және «Adal urpaq» жобалары аясында 300-ден астам белсенді біріктірілді.

    «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері жалпы қамтуы 125 мыңнан астам адамды құрайтын 570-тен астам экологиялық іс-шара өткізілді.

    Фестивальдер, онлайн-челлендждер және рейдтер ұйымдастырылды. Экологиялық акциялар барысында студенттер мен комьюнити-орталық резиденттерінің белсенді қатысуымен 120 гектардан астам аумақ тазартылып, 200 тоннадан астам қоқыс жиналды.

    2025 жылы Алматы ресми түрде Түркі әлемінің жастар астанасы болып жарияланды.

    Тамыз айында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер делегацияларының және 5 мыңнан астам қатысушының қатысуымен «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» жобасының салтанатты ашылуы өтті.

    Жастар алмасу бағдарламалары, форумдар, фестивальдер және TURKCUP 2025 халықаралық КВН ұйымдастырылды.

    2025 жылғы тамыздан бастап 100-ден астам іс-шара өткізіліп, 20 мыңнан астам жас қамтылды. Бастаманы іске асыру 2026 жылғы шілдеге дейін жалғасады.

    ПРОБЛЕМАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР

    1. Жастардың және NEET санатындағы жастардың маргиналдануы

    Жастардың маргиналдануы жастардың белгілі бір бөлігінің білім беру жүйесінен, еңбек нарығынан және қоғамдық өмірден алшақтауынан көрінеді.

    Әсіресе NEET санатындағы жастар, яғни оқымайтын, жұмыс істемейтін және кәсіптік даярлықтан өтпейтін жастар осал топқа жатады.

    2025 жылдың III тоқсанының қорытындысы бойынша NEET санатындағы жастардың үлесі 5,8%-ды немесе 39,2 мың жасты құрады (республика бойынша – 5,8%).

    Маргиналданудың негізгі себептері:

    – тұрақты әлеуметтік лифтілердің болмауы;

    – білім беру жүйесі мен еңбек нарығы арасындағы сәйкессіздік, жұмысшы мамандықтарының беделінің төмен болуы;

    – қоғамдық өмірге белсенді қатысудың орнына даралану мен цифрлық контентті тұтынудың артуы және т.б.

    Аталған факторлар әлеуметтік теңсіздікті күшейтіп, NEET санатындағы жастар санының одан әрі өсуіне ықпал етеді.

    Шешу жолдары:

    – Қалалық мансап орталығы мен Еңбек мобильділігі орталығын кәсіптік бағдар беру және жұмысқа орналастыру бойынша «бір терезе» қағидаты негізінде дамыту;

    – JasAlmaty.kz, Skill All, Мансап күндері арқылы кәсіптік бағдар беру және ақпараттандыру жұмыстарын кеңейту;

    – білім беруді еңбек нарығының талаптарына бейімдеу үшін қысқа мерзімді тәжірибеге бағытталған курстар ұйымдастыру, оның ішінде комьюнити-орталықтарда IT және digital салалары бойынша оқыту.

    Аталған шаралар білім беру бағытының еңбек нарығы қажеттіліктеріне сәйкес келмеуін төмендетуге және NEET санатындағы жастар санының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді.

    2. Студенттік жатақханалардағы төсек-орын тапшылығы

    Студенттік жатақханалардағы орын тапшылығы жоғары оқу орындарының басым бөлігінің еліміздің ең ірі білім беру орталығы – Алматы қаласында орналасуымен байланысты.

    ЖОО-лардың, оның ішінде ұлттық жоғары оқу орындарының көп болуы басқа өңірлерден келетін студенттердің тұрақты жоғары ағынын қалыптастырады. Бұл қолданыстағы және салынып жатқан инфрақұрылымның мүмкіндіктерінен асып түседі.

    Шешу жолдары:

    – қала әкімдігі мен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің бірыңғай Жобалық офисі арқылы құрылысты орталықтандырылған түрде үйлестіру, нысандардың пайдалануға берілуін жеделдету және бақылау;

    – Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар аясында жаңа жатақханалар салу арқылы тұрғын үй қорын кезең-кезеңімен ұлғайту (2023–2025 жылдары 12,7 мыңнан астам төсек-орын пайдалануға берілді). 2030 жылға дейін 20 мыңға дейін жаңа төсек-орын салу жоспарланған;

    – жеке инвесторларды және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктерін тарту (ЖШС және ЖОО есебінен жатақханалар салу);

    – басқа өңірлерден келген студенттерді жатақханамен толық қамтамасыз еткенге дейін уақытша шара ретінде тұрғын үй-жайларды (қонақүйлер, хостелдер) жалға алу тетігін жалғастыру.

    Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде жатақханаға деген қажеттілік айтарлықтай төмендеп, жоғары білімнің қолжетімділігі мен студент жастардың әлеуметтік тұрақтылығы артады.

    3. Жастар арасындағы нашақорлықпен күрес

    Қазіргі қоғамдағы өткір әлеуметтік мәселелердің бірі – жастар арасында есірткіге тәуелділіктің өсуі.

    Бұл жастардың қылмыстық әрекеттерге тартылуына және қылмыстық жауапкершілікке әкелетін, сондай-ақ олардың болашақ өміріне кері әсер ететін ауыр әлеуметтік салдарға соқтырады.

    Сонымен қатар есірткі бизнесі жастарды есірткінің заңсыз айналымына тарту үшін интернет пен әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланып, «жеңіл табыс» ұсынады.

    Жастардың бір бөлігі есірткі тұтынудың қаупі мен ұзақ мерзімді салдарын жеткілікті деңгейде түсінбей, денсаулығы мен болашақ өміріне төнетін тәуекелдерді бағаламайды.

    Нашақорлықпен және есірткінің заңсыз айналымымен күрес мақсатында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс (МӘТ) аясында «Наркостоп» жобасын іске асыруда.

    Шешу жолдары:

    – есірткінің таралуын және дропперлердің қызметін тоқтату мақсатында құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

    – әлеуметтік желілер, қоғамдық көлік және LED-экрандар арқылы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;

    – қаладағы есірткіні жарнамалайтын визуалды материалдарды (трафареттер, граффити) жою;

    – мамандандырылған орталықтар («Наркостоп» орталықтары) арқылы есірткіге тәуелділіктің алдын алу;

    – жастар мен волонтерлерді есірткіге қарсы бастамаларға тарту;

    – есірткі сататын сайттарды анықтау және бұғаттау мақсатында киберволонтерлікті дамыту.

    4. Алматы жастары арасында интернеттегі құмар ойындардың таралуы және лудомания, интернетке тәуелділік пен кибербуллингті қоса алғанда, онлайн-ойын-сауыққа тәуелділіктің өсуі

    Алматыда онлайн-платформалардың жоғары қолжетімділігі мен әлеуметтік желілердің ықпалына байланысты жастар арасында интернеттегі құмар ойындар мен тәуелді мінез-құлықтың таралуы байқалады.

    Бұл лудомания мен интернетке тәуелділіктің, соның ішінде кибербуллинг пен құмар ойындарға шамадан тыс әуестіктің өсуіне алып келеді.

    Сараптамалық бағалауларға сәйкес, жасөспірімдер мен жастардың едәуір бөлігі онлайн-құмар ойындарға тартылып, проблемалық ойын мінез-құлқының белгілерін көрсетеді.

    Онлайн-құмар ойындарға тартылған жастар арасында құмар ойындарға тәуелділікке байланысты күрделі мәселелер кездеседі. Бұл интернет пен мобильді құрылғылардың қолжетімділігі жоғары қазіргі жағдайда жастар үшін ерекше өзекті.

    Шешу жолдары:

    – заңсыз қызметтің жолын кесу мақсатында құқық қорғау органдарымен бірлескен іс-шаралар өткізу;

    – мәселені және оны шешу шараларын талқылау үшін мәслихат депутаттарының, ұйымдар мен сарапшылардың қатысуымен қоғамдық тыңдаулар өткізу;

    – заңсыз құмар ойын сайттарына мониторинг жүргізу және оларды анықтау;

    – анықталған интернет-ресурстарды бұғаттау және олардың тізімдерін әлеуметтік желілер мен порталдарда жариялау;

    – ЖОО-ларда семинарлар, дәрістер және тренингтер өткізу;

    – жастар комьюнити-орталықтарында лудомания мәселесіне тап болған азаматтармен митап-кездесулер ұйымдастыру;

    – комьюнити-орталықтарда психологиялық қолдау және профилактикалық жұмыстар жүргізу;

    – құмар ойындарға тәуелділікті жеңген тұлғаларды (экс-лудомандарды) қолдау қоғамдастығын құру.

    5. Алматы қаласының ЖОО-ларында білім алатын шетелдік студенттерді әлеуметтендіру

    Алматыдағы шетелдік студенттер санының жыл сайын артуы оларды тиімді бейімдеу мен қолдаудың қажеттілігін туындатады.

    Әртүрлі елдерден келген жастар тілдік және мәдени бейімделуде, тұрмыстық және әкімшілік мәселелерді шешуде қиындықтарға тап болады. Бұл олардың академиялық және әлеуметтік интеграциясын баяулатуы мүмкін.

    Анықтама: Алматы қаласында17,1 мыңнан астам шетелдік студентбілім алады.

    Шетелдік студенттердің ең көп саныС.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетіндебілім алады. Олардың басым бөлігі – Үндістаннан келген студенттер (4,9 мың). Бұл аталған университетте білім алатын шетелдік студенттердің76,9%-ынқұрайды.

    2025 жылы шетелдік студенттер саны бойынша екінші орындаәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетітұр. Мұнда1,3 мыңнан астам шетелдік студентбілім алады, олардың басым бөлігін Қытайдан келген студенттер құрайды.

    Шетелдік студенттер саны бойынша үздік үштіктіҚ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетітүйіндейді. Мұнда әртүрлі елдерден келген2,3 мыңнан астам студент, негізінен Түрікменстаннан (1,1 мың) және Өзбекстаннан (1,2 мың) келген жастар білім алады.

    Шешу жолдары:

    – шетелдік студенттерге кешенді көмек көрсету үшін мамандандырылған Шетелдік студенттерді қолдау орталығын құру;

    – қазақ және орыс тілдері бойынша интерактивті тілдік курстар өткізу;

    – шетелдік студенттер үшін Қазақстанның тарихы мен мәдениетін тереңдетіп оқыту орталығын құру;

    – тәлімгерлік жүйесін қамтамасыз ету: әрбір шетелдік студентке куратор немесе ментор бекіту;

    – шетелдік студенттерге құқықтық және әкімшілік сүйемелдеу көрсету.

    Жүктеу
    8ab033c9d17a481114343b49fc581928_original.31545.docx
    DOCX · 31 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Өкім

    Алматы қаласы әкімінің "Алматы қаласының әкімдігінің жанынан Жастар істері жөніндегі кеңес құру туралы" 2017 жылғы 13 қаңтардағы №2о өкіміне өзгеріс енгізу туралы

    Есеп

    2024 жылға арналған Жастар саясаты басқармасының қызметі туралы есеп

    Жастар саясаты басқармасының 2024 жылғы қызметі туралы есеп және 2025 жылға арналған жоспарлар Ағымдағы жағдайды талдау Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мыңнан астам жас тұрады (қала тұрғындарының жалпы...

    Анықтама

    Талдамалық анықтама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    Талдамалық анықтама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аге...

    Есеп

    Түсіндірме жазба бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепке 2025 қаржы жылына арналған

    Түсіндірме жазба бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепке 2025 қаржы жылына арналған «Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан...

    Есеп

    Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы есеп 2025 жылға арналған

    1-форма Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы есеп 2025 жылға арналған Код және атаубюджеттік бағдарлама әкімшісі 3023751 Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасыКоды және атауы...

    Ереже

    «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы әкімдігінің2022 жылғы «1» маусымдағы№ 2/242 қаулысымен ЕРЕЖЕ «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Алматы қаласы Жастар саяс...

    Ереже

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «1» маусым № 2/242 қаулысымен бекітілді «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер «Алматы қаласы Жастар саяса...