«Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

    БЕКІТІЛДІ

    Алматы қаласы әкімдігінің
    2022 жылғы «1» маусымдағы
    № 2/242 қаулысымен

    ЕРЕЖЕ

    «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Алматы қаласының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік органның функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.

    2. Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    3. Мемлекеттік мекеме коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы жазылған мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

    4. Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

    5. Мемлекеттік мекеме, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

    6. Мемлекеттік мекеме өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

    7. «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

    8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.

    9. Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.

    10. Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттерден жүзеге асырылады.

    11. Мемлекеттік мекемеге Мемлекеттік мекеменің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

    Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, алынған кірістер мемлекеттік бюджетке жіберіледі.

    2-тарау. Мемлекеттік мекеменің міндеттері мен өкілеттіктері

    12. Міндеттері:

    1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын Алматы қаласының аумағында іске асыру, жастар ортасында болып жатқан процестерді мемлекеттік реттеуге қатысу;
    2. жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыру және жастар арасында азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу;
    3. жастардың денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету, салауатты өмір салтын қалыптастыру және жастардың мәдени бос уақыты мен демалысы үшін жағдай жасау;
    4. жастар арасында мәдениеттер мен діндер диалогының жаңа нысандарын іздеу арқылы ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайту;
    5. жастардың әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне араласуына, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да этностардың тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуіне жағдай жасау;
    6. жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

    13. Өкілеттіктері:

    1) құқықтары:

    Алматы қаласының әкіміне Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге;

    Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Алматы қаласы әкімдігі қаулыларының, мәслихат шешімдерінің және Алматы қаласы әкімі өкімдерінің жобаларын белгіленген тәртіппен енгізуге;

    жастар саясаты мәселелері бойынша Алматы қаласы әкімдігінің отырыстарына материалдар дайындауға қатысуға;

    жастар қоғамдық бірлестіктері мен студенттік ұйымдардың қызметіне мониторинг және талдау жүргізуге;

    ішкі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету, қоғамды топтастыру, қазақстандық патриотизмді насихаттау және тәрбиелеу жөніндегі ұсынымдарды әзірлеуге және жұмысқа қатысуға;

    заңнамада белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстар ұйымдастыруға және өткізуге;

    Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік тапсырысты әзірлеуге қатысуға;

    жастар қоғамдық бірлестіктерімен және студенттік ұйымдармен, саяси партиялардың жастар бөлімшелерімен және ұлттық-мәдени орталықтармен, құқық қорғау, діни және өзге де үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға;

    мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындау үшін қажетті ақпаратты сұратуға, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін олардың құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға қатысуға тартуға, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

    мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды және басқа да іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысуға.

    2) міндеттері:

    өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, жария етпеуге;

    жастар саясаты саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіруге;

    жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген тәртіппен қарауға;

    Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірмелер беруге;

    өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруға;

    Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға.

    14. Функциялары:

    1. мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мәселелер, жас азаматтардың құқықтарын сақтау және Басқарманың құзыретіне кіретін өзге де мәселелер қарауында болатын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді;
    2. қала аумағында қолданылатын жастар саясаты мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітуге ұсынады;
    3. жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру бойынша қалалық және аудандық білім бөлімдерімен, басқа да басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
    4. Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп жастардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлардың сақталуына және іс-шаралардың орындалуына бақылауды жүзеге асырады;
    5. мемлекеттік жастар саясатының міндеттерін іске асыру тиімділігін айқындау мақсатында орта, арнаулы орта, жоғары білім беру ұйымдарында және басқа да мемлекеттік мекемелерде ағымдағы, кешенді мониторингті жүзеге асырады;
    6. қала әкімінің қарауына жастар ортасындағы жағдай туралы ағымдағы ақпаратты және туындайтын проблемаларды реттеу жөніндегі ұсыныстарды енгізеді;
    7. жастардың жан-жақты білім алуы, патриоттық және азаматтық қалыптасуы үшін жағдайларды қамтамасыз етеді, талантты жастарға қолдау көрсетеді;
    8. жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдеседі;
    9. жастар ортасында болып жатқан процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады;
    10. волонтерлікті дамытуға жүйелі тәсілді қалыптастырады, жастар ортасында еріктілікті дамытуға кешенді (ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, консультациялық) қолдау көрсетеді;
    11. жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуға, салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыруға және азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетті тәрбиелеуге жағдай жасайды, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады;
    12. азаматтық пен патриотизмді, өз Отанына деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге, оның тарихына, мәдениетіне және халықтық дәстүрлеріне құрметпен қарауды, кез келген конституцияға қарсы және қоғамға қарсы көріністерге төзбеушілікті тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырады;
    13. жастардың әлемдік және отандық мәдениет жетістіктеріне араласуына, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да этностардың тарихын, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлерін зерделеуіне жағдай жасайды;
    14. жастармен, оның ішінде жұмыспен қамтылмаған және студент жастармен өзара іс-қимыл жасайды және оларды әлеуметтендіреді, республикалық және қалалық жастар ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды, әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру арқылы жастар бастамаларын қолдайды, жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік және қалалық бағдарламалардың іске асырылуын қамтамасыз етеді, жастарды қолдаудың қалалық шараларын әзірлейді және іске асырады, волонтерлікті дамытуға жүйелі тәсілді қалыптастырады, жастар ортасында еріктілікті дамытуға кешенді (ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, консультациялық) қолдау көрсетеді;
    15. әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етеді және жастарды еңбекпен қамту және жұмыспен қамту саласында жәрдем көрсетеді;
    16. Алматы қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үрдістеріне талдау және болжам жасауды жүзеге асырады;
    17. қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу бойынша үйлестіру және ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүзеге асырады;
    18. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және өскелең ұрпақ арасында азаматтық-патриоттық тәрбие беру бойынша ақпараттық-насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
    19. жастар қоғамдық бірлестіктері мен студенттік ұйымдарға ұйымдастырушылық, консультациялық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетеді;
    20. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

    3-тарау. Мемлекеттік мекеме басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

    15. Мемлекеттік мекемеге басшылықты Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

    16. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

    17. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

    18. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:

    1. Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды әрі Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және жүзеге асырылатын функцияларға дербес жауапты болады;
    2. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;
    3. қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
    4. қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін көтермелейді, оларға тәртіптік жазалар қолданады;
    5. Мемлекеттік мекеменің құрылымын және оның бөлімдері туралы ережелерді бекітеді;
    6. өз өкілеттіктері шегінде бұйрықтар шығарады;
    7. Мемлекеттік мекемені мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда білдіреді;
    8. Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіруге сенімхат береді;
    9. қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.

    19. Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес айқындайды.

    4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі

    20. Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.

    Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметінің нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

    21. Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

    22. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша оған берілген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқылы емес.

    5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату

    23. Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

    Жүктеу
    45644f94498f6c0ff9a623b937ddd5da_original.34151.docx
    «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
    DOCX · 33 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Өкім

    Алматы қаласы әкімінің "Алматы қаласының әкімдігінің жанынан Жастар істері жөніндегі кеңес құру туралы" 2017 жылғы 13 қаңтардағы №2о өкіміне өзгеріс енгізу туралы

    Есеп

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕП

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕП Жастар саясатын іске асыру және жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025–2026 жы...

    Есеп

    2024 жылға арналған Жастар саясаты басқармасының қызметі туралы есеп

    Жастар саясаты басқармасының 2024 жылғы қызметі туралы есеп және 2025 жылға арналған жоспарлар Ағымдағы жағдайды талдау Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мыңнан астам жас тұрады (қала тұрғындарының жалпы...

    Анықтама

    Талдамалық анықтама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    Талдамалық анықтама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аге...

    Есеп

    Түсіндірме жазба бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепке 2025 қаржы жылына арналған

    Түсіндірме жазба бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепке 2025 қаржы жылына арналған «Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан...

    Есеп

    Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы есеп 2025 жылға арналған

    1-форма Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы есеп 2025 жылға арналған Код және атаубюджеттік бағдарлама әкімшісі 3023751 Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасыКоды және атауы...

    Ереже

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «1» маусым № 2/242 қаулысымен бекітілді «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер «Алматы қаласы Жастар саяса...