2024 жылға арналған Жастар саясаты басқармасының қызметі туралы есеп

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы

    Жастар саясаты басқармасының 2024 жылғы қызметі туралы есеп және 2025 жылға арналған жоспарлар

    Ағымдағы жағдайды талдау

    Алматы қаласында 14 пен 35 жас аралығындағы 695,6 мыңнан астам жас тұрады (қала тұрғындарының жалпы санының 32%-ы). Оның ішінде 442,3 мыңы – жұмыс істейтін жастар, 287,4 мыңы – жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, шамамен 80 мыңы – жоғары сынып оқушылары.

    Қалада 35 жоғары оқу орны және 88 колледж жұмыс істейді. Оларда 287,4 мың студент білім алуда (колледждерде – 85,5 мың, жоғары оқу орындарында – 201,9 мың). Оның ішінде 160 мыңы – басқа өңірлерден келген жастар (колледждерде – 36 мың, жоғары оқу орындарында – 124 мың).

    Жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерді 65 мың адам бітіреді.

    Олардың 60-тан 80%-ға дейінгі бөлігі Алматы қаласында жұмысқа орналасуға тырысады.

    10–12 мың жас бір жыл көлемінде жұмыс іздейді.

    2024 жылғы қаңтардан бастап NEET санатындағы жастар үлесінің төмендеуі байқалады (2024 жылғы I тоқсанда – 6,6% немесе 43,9 мың адам). III тоқсанда бұл көрсеткіш 0,2%-ға төмендеп, 6,4%-ды немесе 42,5 мың адамды құрады. 2024 жылдың қорытындысы бойынша көрсеткішті 6,2%-ға дейін төмендету күтілуде.

    Анықтама: 2023 жылдың басында NEET санатындағы жастардың үлесі 8,3% немесе 53,8 мың адамды құрады. 2023 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда көрсеткіш 1,7%-ға немесе 9,9 мың адамға төмендеді.

    2024 жылдың басында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,6%-ды құрады. 2024 жылғы III тоқсанның деректері бойынша көрсеткіш 4,3%-ды құрап, жұмыссыздық деңгейі 0,3%-ға төмендеді.

    Анықтама: 2023 жылдың басында жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 5,5%-ды құрады. 2023 жылғы I тоқсанмен салыстырғанда 0,9%-ға төмендеді.

    Аталған көрсеткіштерге Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективалар аясында атқарылған жұмыстар оң әсерін тигізді. Бағдарлама шеңберінде 12 мың жас оқытылып, 69,3 мың жас жұмыспен қамтылды.

    2024 жыл

    Оқыту және жұмыспен қамту

    2024 жылы жастардың дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруына тең мүмкіндіктер жасау бойынша жұмыстар жалғастырылды.

    Жұмысқа орналастыруға арналған «Jobfair365» және білім алуға арналған «SkillBridge» сервистері бар «Jasalmaty.kz» ақпараттық порталына 25 мыңнан астам бірегей пайдаланушы кірді. Портал іске қосылғаннан бері Қазақстан Республикасының 20 өңірінен 3 мыңнан астам жұмыс беруші тіркеліп, 5 мыңнан астам бос жұмыс орны орналастырылды. Нәтижесінде 4 мың жас жұмысқа орналастырылды.

    Қалалық мансап орталығы жұмыс істейді. Бұған дейін мансап орталықтары әрбір оқу орнында жеке жұмыс істеген болатын. Қазіргі уақытта олар жұмыс берушілермен, Еңбек мобильділігі орталығымен және басқа да құрылымдармен бір алаңға біріктірілді. Бұл ақпаратпен жедел алмасуға және бірлескен іс-қимылдарды үйлестіруге мүмкіндік береді.

    Орталық іске қосылған сәттен бастап оған 5 мыңнан астам жас жүгінді. Жалпы 4 мың адамға жұмысқа орналасуға жәрдем көрсетілді.

    Сұранысқа ие мамандықтар бойынша 33 қысқа мерзімді курс аясында оқыту жалғастырылды. Қысқа мерзімді оқытудың бірыңғай орталығын «бір терезе» қағидаты бойынша құру тетігі бюрократиялық рәсімдерді жеңілдетуге мүмкіндік берді.

    Нәтижесінде жұмысқа орналасқан жастардың үлесі артты. 2024 жылдың қорытындысы бойынша барлығы 12 мың жас оқытылып, жұмысқа орналастырылды.

    Сонымен қатар, 2024 жылғы мамыр айында 8 Мансап күні өткізіліп, 18 мың адам қамтылды. Іс-шараларға 450-ден астам ірі компания қатысты. Нәтижесінде 2,8 мыңға жуық жас жұмысқа орналастырылды.

    «Жасыл ел» ұлттық жобасы аясында жазғы кезеңде уақытша жұмысқа 2,1 мың жас орналастырылды.

    «Алматы қаласының 2024 жылға арналған жұмыс орындарын құру жөніндегі өңірлік картасы» аясында жастар үшін 37,9 мың жұмыс орны құрылды (тұрақты – 33,3 мың, уақытша – 4,6 мың).

    Сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығы арқылы 8,5 мың жас жұмысқа орналастырылды (тұрақты жұмыс орындарына – 4,5 мың, субсидияланатын жұмыс орындарына – 4 мың).

    Осылайша, 2024 жылы барлығы 69,3 мың жас жұмыспен қамтылды (тұрақты жұмыс орындарына – 55,7 мың, уақытша жұмыс орындарына – 13,6 мың).

    Анықтама: 2023 жылы 47 мың жас жұмысқа орналастырылды (тұрақты жұмыс орындарына – 40 мың, уақытша жұмыс орындарына – 17 мың).

    Жастармен жұмыс істеуге арналған инфрақұрылымды дамыту

    100 демалыс орталығының 33-і жаңғыртылды.

    Сонымен қатар, 8 мамандандырылған «НаркоСтоп» орталығы жұмыс істейді.

    «НаркоСтоп» жобасы 7 негізгі бөлім мен 76 іс-шараны қамтитын 2023–2025 жылдарға арналған нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарға сәйкес жүзеге асырылуда.

    Жоба жұмысына қаланың 3 мыңнан астам волонтері тартылды.

    2024 жылы 480-нен астам іс-шара өткізілді.

    Акциялар аясында тұрғын үйлердің, гараждардың және әкімшілік ғимараттардың қабырғаларындағы есірткі құралдарын насихаттайтын және олардың таралуына ықпал ететін түрлі сайттардың атаулары жазылған 110 мыңнан астам трафарет пен граффити жойылды.

    2024 жылы «Киберволонтерлік» жаңа бағыты енгізілді. Оның аясында тыйым салынған заттарды сату және жарнамалау сайттарын анықтау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Анықталған барлық сілтемелер бұғаттау үшін құқық қорғау органдарына жолданады.

    Киберволонтерлердің күшімен 197 сайт пен әлеуметтік желідегі ресурс бұғатталды. Сонымен қатар жобаның жедел желісіне келіп түскен есірткі зертханалары, есірткі дүкендері және есірткі таратушыларды тартумен айналысатын тұлғалар туралы ақпарат құқық қорғау органдарына берілді.

    Белсенді жастар қаласы

    Жастарды әлеуметтік-мәдени ортаға тарту мақсатында жыл сайын 1 000-нан астам мәдени, спорттық және басқа да іс-шаралар өткізіледі.

    NEET санатындағы жастарды қолдау мақсатында футбол және волейбол бойынша «DÚISENBILIK SPORT-2024» жобасы жүзеге асырылды. Оған Алматы қаласындағы ауылдық жерлерден және басқа өңірлерден келген жастар қатысты. 2024 жылы жоба аясында қаланың 40 базарындағы 1 мың жас қамтылды.

    «ALMA CUP» жобасы аясында жастар арасында спорттың әртүрлі түрлері бойынша – футбол, баскетбол, волейбол және киберспорттан жарыстар өткізілді. Қамту – 6 мың адам.

    Қала жастарының кітап оқуға қызығушылығын арттыруға бағытталған «BookVibe» жобасы жүзеге асырылды. Буккроссингтер, кітап көрмелері және танымал кітап авторларымен митап-кездесулер ұйымдастырылды. 1 мың жас қамтылды.

    «Тілдер саябағы» жобасы жастар арасында ерекше қызығушылыққа ие. Жоба аясында жазғы кезеңде қаламыздың саябақтарында 5 мыңнан астам тұрғын шет тілдері мен қазақ тілін тегін үйренуге мүмкіндік алды.

    «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында қаламызда жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Эко-хаб» өз жұмысын бастады.

    «Эко-рейнджерлер» жастар қозғалысы құрылып, оның қатысушыларының саны 1 мың адамға дейін артты.

    Оқу орындары мен әлеуметтік желілерде жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыстар жүргізілді. Заңсыз сайттар мен онлайн-порталдар анықталып, Полиция департаментімен бірлесіп оларды бұғаттау жұмыстары жүргізілуде. Қамту – 1,5 мың адам.

    «IQ-ALA jastary» интеллектуалдық жобасы аясында «Leader Cup» студенттік лигасы ұйымдастырылды. Турнирге 20 жоғары оқу орны мен 15 колледждің студенттері қатысты. Әрбір оқу орнынан 4 қатысушыдан ұсынылды. Қамту – 1 мың адам.

    Жеңімпаз командалармен арнайы жоба өткізіліп, оған 12 команда, шамамен 150 адам қатысты. Сонымен қатар 20 команданың қатысуымен интеллектуалдық ойынның ашық лигасы ұйымдастырылып, 200-ден астам адам қамтылды.

    Шығармашыл және талантты жастарды қолдау мақсатында жыл сайынғы «Jas Gala – 2024» фестивалі өткізілді. Жобаның жүлде қоры 7,5 млн теңгені құрады.

    2024 жылы қатысуға өтінімдер саны 2 есеге артты, жалпы 3 мың адам қамтылды. Байқау 5 бағыт бойынша өткізілді.

    «Jas Gala» шығармашылық байқауының финалы мен салтанатты марапаттау рәсімі «Алатау» дәстүрлі өнер театрында өтіп, оған 700 көрермен қатысты.

    Сонымен қатар жоба аясында Алматы қаласының жоғары оқу орындарының студенттері арасында Халықаралық студенттер күніне арналған «Үздік студенттік топ» байқауы ұйымдастырылды.

    «Жайдарманның» мерейтойлық 25-маусымы өткізілді. Оған 16 команда қатысып, жалпы 1,2 мың адам қамтылды.

    Жалпы 2024 жылы 2 мыңнан астам іс-шара өткізілді (жоспар – 1 мың іс-шара).

    Волонтерлік

    Алматы қаласында Қалалық волонтерлер фронт-офисі жұмыс істейді. Ол жалпы саны 50 мыңнан астам адамды қамтитын қаланың 30 ірі ұйымымен өзара іс-қимыл жасайды.

    Волонтерлердің бір бөлігі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды оқытумен айналысса, енді бірі жалғызбасты қарттарға арналған пансионаттарда шығармашылық кештер ұйымдастырады. Сондай-ақ көптеген волонтерлер жануарларға көмек көрсетіп, қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына белсенді қатысады.

    «Таза Қазақстан» бастамасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» жобасы аясында волонтерлер қаланы тазарту және жастарға экологиялық тәрбие беру акцияларына белсенді қатысып, Алматыны таза әрі жайлы етуге өз үлестерін қосты.

    Қалада волонтерлерді ынталандыру және қатысушылар үшін әлеуметтік лифт қалыптастыру мақсатында волонтерлердің геймификацияланған өсу жүйесі енгізілді.

    2024 жылғы 29 наурыздан 15 сәуірге дейін Алмалы ауданының комьюнити-орталығы базасында Қазақстанның су тасқынынан зардап шеккен өңірлеріне гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмыс істеді.

    Гуманитарлық көмек жинау пунктінің жұмысына 30-дан астам ірі волонтерлік ұйым, 200-ден астам курсант және қаланың 300-ден астам волонтері тартылды.

    Волонтерлер жалпы 592 тонна гуманитарлық көмек жинады. Оның ішінде 300 тоннасы – азық-түлік, 177 тоннасы – гигиеналық құралдар, 80 тоннасы – киім-кешек, қалған 35 тоннасы – тұрмыстық заттар.

    Жалпы 2024 жылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған 1,1 мыңнан астам іс-шара мен акция өткізілді.

    Жастарды жатақханамен және жалдамалы тұрғын үймен қамтамасыз ету

    2023 жылы жатақханалар салу жұмыстарын тиімді үйлестіру мақсатында қала әкімдігі Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп Жобалық офисті іске қосты.

    2 жыл ішінде 8 273 төсек-орынға арналған 30 нысан пайдалануға берілді. Оның ішінде:

    – 2023 жылы – 3 969 төсек-орынға арналған 14 нысан;

    – 2024 жылы – 4 304 төсек-орынға арналған 16 нысан пайдалануға берілді.

    Жатақхана орындарына деген қажеттілік 32,7 мыңнан 24,3 мың төсек-орынға дейін төмендеді.

    Сонымен қатар Алматы қаласындағы жоғары оқу орындарының ғимараттарын жатақхана ретінде реконструкциялау кезінде жаңадан пайдалануға берілетін нысандар бойынша ұлттық жоғары оқу орындары үшін бір төсек-орынға мемлекеттік тапсырыс көлемі жылына 92 АЕК-тен 182 АЕК-ке дейін ұлғайтылды.

    «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларды» іске асыру жөніндегі Жол картасы аясында 2025 жылдың соңына дейін 6 мың төсек-орынға арналған жаңа жатақханаларды пайдалануға беру жоспарланған.

    2025 жыл

    Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасына және 2030 жылға дейінгі орта мерзімді перспективаларға сәйкес 2025 жылға:

    1. NEET санатындағы жастардың үлесін 5,2%-ға дейін төмендету;
    2. 10 мың жасты оқыту және жұмысқа орналастыру;
    3. Қосымша 5 комьюнити-орталықты іске қосу;
    4. 20 демалыс орталығын жаңа форматта жаңғырту;
    5. 6 мың төсек-орынға арналған жаңа жатақханаларды пайдалануға беру;
    6. 1 мыңнан астам мәдени, шығармашылық және спорттық іс-шара өткізу жоспарланған.
    Жүктеу
    d1d3f883ce6e4a780e8777e1553b133b_original.246835.pdf
    PDF · 241 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Өкім

    Алматы қаласы әкімінің "Алматы қаласының әкімдігінің жанынан Жастар істері жөніндегі кеңес құру туралы" 2017 жылғы 13 қаңтардағы №2о өкіміне өзгеріс енгізу туралы

    Есеп

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕП

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025 жылы атқарған жұмысы туралы ЕСЕП Жастар саясатын іске асыру және жастардың жан-жақты дамуына жағдай жасау мақсатында Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының 2025–2026 жы...

    Анықтама

    Талдамалық анықтама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша

    Талдамалық анықтама Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аге...

    Есеп

    Түсіндірме жазба бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепке 2025 қаржы жылына арналған

    Түсіндірме жазба бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепке 2025 қаржы жылына арналған «Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан...

    Есеп

    Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы есеп 2025 жылға арналған

    1-форма Бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) орындалуы туралы есеп 2025 жылға арналған Код және атаубюджеттік бағдарлама әкімшісі 3023751 Алматы қаласы Жастар саясаты мәселелері басқармасыКоды және атауы...

    Ереже

    «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    БЕКІТІЛДІ Алматы қаласы әкімдігінің2022 жылғы «1» маусымдағы№ 2/242 қаулысымен ЕРЕЖЕ «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы 1-тарау. Жалпы ережелер 1. «Алматы қаласы Жастар саяс...

    Ереже

    Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

    Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы «1» маусым № 2/242 қаулысымен бекітілді «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1-тарау. Жалпы ережелер «Алматы қаласы Жастар саяса...