Түсіндірме жазба
бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есепке
2025 қаржы жылына арналған
«Алматы қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Алматы қаласының аумағында мемлекеттік жастар саясатын іске асыратын, жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын жергілікті атқарушы орган болып табылады.
Алматы қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 2/242 қаулысымен бекітілген Коммуналдық мемлекеттік мекеме туралы ереже Басқарманың құрылтай құжаттары болып табылады.
Дирекцияның штат санының деңгейі Алматы қаласы әкімінің 2025 жылғы 12 қыркүйектегі №23 ө «Алматы қаласының атқарушы органдарының штат санын бекіту туралы» өкімімен бекітілген. Мемлекеттік қызметшілердің штат санының лимиті 14 бірлікті, ал толық емес штаттағы мемлекеттік қызметшілер үшін 2 бірлікті құрайды.
2025 жылы басқармамен 3 бюджеттік бағдарлама іске асырылды, оның нақтыланған бюджеті 3 220 593,0 мың теңгені құрады, оның 3 219 979,0 мың теңге немесе 99,9% игерілді
001 «Жергілікті деңгейде мемлекеттік жастар саясатын іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасы бойынша 2025 жылға нақтыланған жоспар 485 272,0 мың теңгені құраса , орындалуы 485 097,0 мың теңгені немесе 99,9%-ды құрады. Ауытқу 174,0 мың теңгені құрады , оның ішінде:
- 170,4 мың теңге Еңбек ақы қорындағы үнемдеу;
- 3,6 мың теңге Аяқталған жұмыс үшін соңғы төлем бойынша үнемдеу;
- «Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша оларға жүктелген функцияларды орындау бойынша Басқарманың персоналының саны» көрсеткіші шеңберінде Басқарма қызметкерлеріне еңбекақы, сауықтыруға арналған жәрдемақы және іссапар шығыстары уақтылы және толық көлемде төленді. Бөлінген қаражат көмекші іс-шараларға, соның ішінде ғимаратқа техникалық қызмет көрсету мен қызмет көрсетуге, кеңсе тауарларын сатып алуға, коммуналдық қызметтерді төлеуге және т.б. жұмсалды. Жылдың соңына 3 мемлекеттік қызметшілердің бос орындарының бірліктері бар.
Тікелей нәтиже 81% -ға жетті.
- « Жобаларды іске асыру барысын мониторингтеу қызметтері » көрсеткіші аясында мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты сапалы орындауды арттыру мақсатында 2025 жылғы 3 наурыздағы № 59 шарт және 2025 жылғы 29 сәуірдегі № 59/1 қосымша келісім ИП «Бисембина Алиямен» жасалды.
«Жобаларды іске асыру барысын мониторингтеу қызметтері» жобасы аяқталғаннан кейін көптеген оң нәтижелерге қол жеткізілді. Нақты жоспарлау мен прогресті жүйелі түрде бақылау жобалардың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуына ықпал етті.
Тікелей нәтиже 100% орындалды.
- « Алматы қаласының жастар ұйымдарының акселераторы » көрсеткіші аясында 2025 жылғы 5 наурыздағы № 60 шарт және 2025 жылғы 5 мамырдағы № 60/1 ИП «Бисембина Алия» қосымша келісім жасалды.
Аталған жоба нәтижесінде жастар көшбасшылары мен олардың ұйымдарына өз жобалары мен бастамаларын тиімді дамыту үшін қажетті білім, дағдылар, ресурстар және қолдау алу мүмкіндігі ұсынылды. Сондай-ақ жастар ұйымдарының қызметін медиа кеңістік пен қоғамдық назар арқылы ілгерілету және кеңінен насихаттау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тікелей нәтиже 100% орындалды.
- « Жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметін дамыту және қолдау көрсету қызметі » көрсеткіші аясында 2025 жылғы 12 наурыздағы № 58 шарт және 2025 жылғы 6 мамырдағы № 58/1 ИП «Бисембина Алия» қосымша келісім жасалды. Жоба аясында жастар мен қоғам көзінде жастардың өзін-өзі басқару органдарының беделі мен абыройын нығайтуға, сондай-ақ шешім қабылдау процестері мен аталған органдардың қызметіне деген сенім деңгейін арттыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылды.
Тікелей нәтиже 100% орындалды
- « Дизайнер қызметтері » көрсеткіші аясында 2025 жылғы 19 тамыздағы № 129 шарт ИП «Венера», Алатау ауданы, Ұлжан-1 шағынауданы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 44-үй, 7-корпус мекенжайында орналасқан комьюнити-орталыққа графикалық дизайн қызметтерін көрсету үшін жасалды.
Сондай-ақ 2025 жылғы 19 тамыздағы № 130 шарт және 2025 жылғы 24 қыркүйектегі № 130/1 қосымша келісім Бостандық ауданы, Розыбакиев көшесі, 247-үй, 7-корпус, н.п. 380в мекенжайында орналасқан комьюнити-орталыққа графикалық дизайн қызметтерін көрсету үшін ИП «Венерамен» жасалды.
2025 жылғы 12 қарашадағы № 210240019487/250155/00 шарт Әуезов ауданы, Науаи көшесі, 7-үй, н.п. 368 мекенжайында орналасқан комьюнити-орталыққа графикалық дизайн қызметтерін көрсету үшін «Daedalus Mind Projects» ЖШС-мен жасалды.
2025 жылғы 12 қарашадағы № 210240019487/250156/00 шарт Түрксіб ауданы, Сейфуллин көшесі, 51-үй, 31-корпус, н.п. 1 мекенжайында орналасқан комьюнити-орталыққа графикалық дизайн қызметтерін көрсету үшін «Daedalus Mind Projects» ЖШС-мен жасалды.
Тікелей нәтиже 100 % көлемінде орындалды.
011 «Мемлекеттік органның капиталдық шығындары» бағдарламасы бойынша 2025 жылға түзетілген жоспар 39 552,0 мың теңге құрап, орындалуы 39 552,0 мың теңге немесе 100 % болды.
– « Сатып алынған компьютерлер мен оргтехника саны » көрсеткіші бойынша жоспар – 21 бірлік, орындалды – 21 бірлік. Белгіленген қаражат комьюнити-орталықтар үшін негізгі құралдарды сатып алуға жұмсалды, жастарға сапалы инфрақұрылым жасау мақсатында, Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 4/3 үй мекенжайындағы комьюнити-орталығы үшін.
22 қыркүйек 2025 жылғы № 137 шарт ЖС «Сыздыков»-пен жасалды. Кондиционер, компьютер, көпфункционалды құрылғы сатып алу бойынша.
Тікелей нәтиже 100 % орындалды.
– « Сатып алынатын басқа негізгі құралдар саны » көрсеткіші бойынша жоспар – 267 бірлік, орындалды – 267 бірлік. Наурызбай ауданы, Шұғыла шағын ауданы, Сәкен Жүнісов көшесі, 4/3 үй мекенжайындағы комьюнити-орталығы үшін.
2025 жылғы 22 қыркүйектегі № 138 шарт ЖШС «TengriCraft»-пен жасалды (шкаф, үстел, сөре, кресло, орындық сатып алу үшін).
2025 жылғы 13 қазандағы № 140 шарт ЖШС «TengriCraft»-пен жасалды (орындықтар сатып алу үшін).
2025 жылғы 9 қазандағы № 141 шарт ҚҰ «Оқжетпес Life»-пен жасалды (пуфтар сатып алу үшін).
003 «Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды жүзеге асыру» бағдарламасы бойынша 2025 жылға нақтыланған жоспар 2 695 769,0 мың теңгені құраса , орындалуы 2 695 329,0 мың теңгені немесе 99,9% құрады. Қорытынды есептің болмауына және техникалық ерекшеліктің орындалмауына байланысты ауытқу сомасы 440,3 мың теңгені құрады. 0,3 мың теңге дөңгелектеу есебінен үнемделді. 440,0 мың теңге мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде уақытша маусымдық жұмысқа орналастыруды көздейтін «Жасыл ел» жобасын іске асыру қызметтері бойынша «Ұлыс» ғылыми-зерттеу орталығы» қоғамдық қоры тарапынан қорытынды есептің болмауына, сондай-ақ техникалық спецификацияның бір тармағының (қорытынды қоғамдық тыңдау) орындалмауына байланысты Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.
«Жастар саясаты саласындағы іс-шараларды іске асыру» көрсеткіші аясында 60 жоба жоспарланып, 59 жоба орындалды.
– 2025 жылы жаңа форматқа ауқымды көшу жүзеге асырылды: орталықтар саны 11-ге дейін арттырылып, олардың функционалы айтарлықтай кеңейтілді – базалық қолдаудан бастап жастар үшін білім беру, отбасылық, әлеуметтік, мәдени және қалалық ортаны қалыптастыруға дейін. 2,5 мыңнан астам іс-шара (дәрістер, семинарлар, эко-акциялар, зияткерлік ойындар, акустикалық кештер, викториналар мен квиздер, шеберлік сабақтары, үстел ойындары және спорттық турнирлер) өткізілді, қамту көрсеткіші 570 мыңнан астам адамды құрады. 17,6 мыңнан астам жас жеке кеңес алды, оның ішінде 10,8 мыңы – жұмыспен қамту мәселелері бойынша, 6,8 мыңы – психологиялық және құқықтық көмек бойынша.
– Қазақстан Республикасында 2025 жылға жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Алматы қаласында 120-дан астам әртүрлі форматтағы іс-шара өткізіліп, жалпы қамту 24 мыңнан астам жасты құрады.
Маңызды бағыттардың бірі жұмысшы мамандықтарын дәріптейтін медиаконтент шығару болды. «Бейне» деректі жобасы аясында ұста, өрт сөндіруші-құтқарушы, әлеуметтік кәсіпкер және басқа да жұмысшы мамандықтары өкілдері туралы мини-фильмдердің 10 сериясы дайындалып, жарияланды. Қысқа бейнеформат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде 25 мыңнан астам қаралымды қамтамасыз етті.
– 2025 жылы Алматы қаласында «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында жастардың құқықтық санасы мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы іске асырылды. 30 мыңнан астам жасты қамтыған 330-дан астам іс-шара өткізілді.
– «Әділет» жастар қозғалысы құрылды, сондай-ақ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» және «Adal urpaq» жобалары аясында 300-ден астам белсенді біріктірілді.
– «Таза Қазақстан» акциясы аясында жыл басынан бері 570-тен астам экологиялық іс-шара өткізіліп, жалпы қамту 125 мыңнан астам адамды құрады. Фестивальдер, онлайн-челлендждер мен рейдтер ұйымдастырылды. Сенбіліктер мен экологиялық акциялар барысында студенттер мен комьюнити-орталықтардың резиденттерінің белсенді қатысуымен 120 гектардан астам аумақ тазартылып, 200 тоннадан астам қоқыс жиналды. – 2025 жылы Алматы қаласы ресми түрде Түркі әлемінің жастар астанасы болып жарияланды. Тамыз айында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің делегациялары мен 5 мыңнан астам қатысушының қатысуымен «Алматы – Түркі әлемінің жастар астанасы» жобасының салтанатты ашылуы өтті. Жастар алмасу бағдарламалары, форумдар, фестивальдер және TURKCUP 2025 халықаралық КВН ойындары ұйымдастырылды. 2025 жылғы тамыз айынан бастап 20 мыңнан астам жасты қамтыған 100-ден астам іс-шара өткізілді.
– Алматы қаласында 236,1 мыңнан астам жоғары оқу орындарының студенттері білім алуда, оның ішінде 149,5 мыңы – басқа өңірлерден келген студенттер. Қазіргі уақытта 44,7 мың орындық 131 жатақхана жұмыс істейді. 2025 жылы 4 500 орынға арналған 13 нысан пайдалануға берілді.
(Анықтама үшін: Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ – 200 орын, МОК (ҚазҚСҒА) – 345 орын, Азаматтық авиация академиясы – 482 орын, ЦАУ 1-корпус – 1 249 орын, «Саят» ЖК – 100 орын, «KBD INSURANCE» ЖК – 250 орын, «Шуакаев» ЖК – 100 орын, «Данияр» ЖК – 150 орын, «Абылайхан» ЖК – 60 орын, «Камшат» ЖК – 100 орын, «Skif» ЖК – 140 орын, «Байбаракова» ЖК - 152 орын, ЦАУ 2-корпус – 1 172 орын.)
- «Жатақханалар мен жалға берілетін тұрғын үйлердің құрылысы жобаларын сүйемелдеуге арналған фронт-офис қызметін ұйымдастыру қызметтері» - Маңғыстау Әуендері» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 59 шарт.
- «Волонтерлер фронт-офисі» жобасын іске асыру және «Жыл волонтері» марапаттау рәсімін ұйымдастыру қызметтері» - «Маңғыстау Әуендері» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 56 шарт.
- «NarcoSTOP» жобасын іске асыру және интернет кеңістігінде синтетикалық есірткілер жарнамасының таралуының алдын алу қызметтері» - «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ, 2024 жылғы 20 ақпандағы № 58 шарт.
- «Мемлекеттік жастар саясатын ақпараттық қолдауға бағытталған “Jas Almaty” жобасын іске асыру қызметтері» - «UAQYT» ҚҚ, 2024 жылғы 20 ақпандағы № 57 шарт.
- «Қалалық мансап орталығы жобасының қызметін қамтамасыз ету» - «Алаш ұландары» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 60 шарт.
- «Әуезов ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету» - «UAQYT» ҚҚ, 2024 жылғы 20 ақпандағы № 55 шарт.
- «Алмалы ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету» - «Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 54 шарт.
- «Медеу ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету» - «Еуразиялық бейбітшілік пен келісім» ЖМ, 2024 жылғы 20 ақпандағы № 53 шарт.
- «Наурызбай ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету» - «Алаш жастары одағы» ҚҚ, 2024 жылғы 23 ақпандағы № 52 шарт.
- «Алатау ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету» - «Асыл Қазына» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 51 шарт.
- «Жетісу ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету» - «Human Resources Kazakhstan» ЖМ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 50 шарт.
- «Түрксіб ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету» - «Fond Qaiyrym» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 49 шарт.
- «Бостандық ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету» - «Алаш ұландары» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 48 шарт.
- «Алатау ауданының демалыс орталықтарының қызметін жаңғырту және ұйымдастыру» - «Асыл Қазына» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 47 шарт.
- «Алмалы ауданының демалыс орталықтарының қызметін жаңғырту және ұйымдастыру» - «Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 46 шарт.
- «Әуезов ауданының демалыс орталықтарының қызметін жаңғырту және ұйымдастыру» - «UAQYT» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 45 шарт.
- «Бостандық ауданының демалыс орталықтарының қызметін жаңғырту және ұйымдастыру» - «Қайырымды қала» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 44 шарт.
- «Медеу ауданының демалыс орталықтарының қызметін жаңғырту және ұйымдастыру» - «Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 43 шарт.
- «Жетісу ауданының демалыс орталықтарының қызметін жаңғырту және ұйымдастыру» - «Human Resources Kazakhstan» ЖМ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 42 шарт.
- «Наурызбай ауданының демалыс орталықтарының қызметін жаңғырту және ұйымдастыру» - «Human Resources Kazakhstan» ЖМ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 41 шарт.
- «Түрксіб ауданының демалыс орталықтарының қызметін жаңғырту және ұйымдастыру» - «Алматы қаласының жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры» ҚҚ, 2024 жылғы 19 ақпандағы № 40 шарт.
- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлік» жобасын іске асыру қызметтері» - «Ел-шежіре» ҚҚ, 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 31 шарт.
- «Алматы қаласы жастарының әлеуметтену үдерістеріне әсер ететін заманауи трендтер мен факторлар» тақырыбында әлеуметтік зерттеу жүргізу» - «Асыл Заман» ҚҚ, 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 5 шарт.
- «Жастардың инклюзивті дамуына бағытталған Әркім маңызды іс-шаралар кешенін іске асыру» - «Ел-шежіре» ҚҚ, 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 30 шарт.
- «Саналы ата-ана мектебі» жобасын іске асыру» - «Асыл Заман» ҚҚ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 29 шарт.
- «Жастарды қоғамдық қауіпсіздік, халықты және аумақтарды қорғау, ТЖ салдарын жою шараларына оқыту» - «Жастар жетістігі» ҚҚ, 2025 жылғы 3 ақпандағы № 11 шарт.
- «Таза Қазақстан республикалық акциясы аясындағы Эко-рейнджерлер жобасын іске асыру» - «Сана» ҚҚ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 10 шарт.
- «Ұлттық өнерді насихаттауға және жастардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыруға бағытталған Ашық аспан астындағы кино әлеуметтік жобасын іске асыру» - «Ел-шежіре» ҚҚ, 2025 жылғы 30 қаңтардағы № 4 шарт.
- «Жас ақындар байқауы Jas Aqyn жобасын іске асыру» - «Жоғары жастар кеңесі» ҚҚ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 12 шарт.
- «Субмәдениеттер - бірліктің құралы жобасы аясында субмәдениет өкілдерін қолдау» - «Бізбен бірге» ҚҚ, 2025 жылғы 26 қаңтардағы № 2 шарт.
- «Тегін тіл курстарын ұйымдастыруға арналған Тілдер паркі жобасын іске асыру» - «Асыл Заман» ҚҚ, 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 1 шарт.
- «Медеу ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету - 2» - «Youthart» ҚҚ, 2025 жылғы 30 мамырдағы № 109 шарт.
- «Наурызбай ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету - 2» - «Fond Qaiyrym» ҚҚ, 2025 жылғы 8 қыркүйектегі № 124/1 шарт.
- «Жетісу ауданының комьюнити-орталығының қызметін қамтамасыз ету - 2» - «Жастар жетістігі» ҚҚ, 2025 жылғы 3 ақпандағы № 28 шарт.
- «Білім беру ұйымдары мен әлеуметтік желілерде буллингтің, суицидтің, зиянды әдеттердің, ЖЖБИ-дің алдын алу және жыныстық тәрбие бойынша ақпараттық жұмыс жүргізу Өмір - ең қымбат құндылық» - «Сана» ҚҚ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 24 шарт.
- «Жұмысшы мамандықтарды насихаттауға бағытталған деректі бейнероликтер сериясын жасауға арналған One day Life жобасын іске асыру» - «Бізбен бірге» ҚҚ, 2025 жылғы 26 қаңтардағы № 14 шарт.
- «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында маусымдық уақытша жұмыспен қамтуды көздейтін Жасыл ел жобасын іске асыру» - «Ұлыс» ҒЗО, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 26 шарт. Қорытынды есептің болмауына және техникалық ерекшеліктің орындалмауына байланысты ауытқу сомасы 440,0 мың теңгені құрады, қоғамдық қоры тарапынан қорытынды есептің болмауына, сондай-ақ техникалық спецификацияның бір тармағының (қорытынды қоғамдық тыңдау) орындалмауына байланысты Алматы қаласының ауданаралық экономикалық сотына талап арыз жолданды.
- «Орыс тіліндегі КВН қозғалысын дамыту және Алматы қаласы әкімінің кубогына республикалық чемпионат ұйымдастыру» - «Асыл Заман» ҚҚ, 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 8 шарт.
- «Мемлекеттік тілдегі КВН қозғалысын дамыту және Алматы қаласы әкімінің кубогына республикалық чемпионат ұйымдастыру» - «Қазақстан КВН одағы» ҚҚ, 2025 жылғы 21 қаңтардағы № 23 шарт.
- «NEET жастары арасында 5 спорт түрі бойынша Дүйсенбілік спорт жобасын іске асыру» - «Social project management» ҚҚ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 25 шарт.
- «Өзекті мамандықтар бойынша қысқамерзімді курстар Professional course» - «Жоғары жастар кеңесі» ҚҚ, 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 15 шарт.
- «Тәуелсіздік ұрпақтары гранттарын тағайындау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» - «Адырна» ҰЭБ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 27 шарт.
- «IQ-ALA jastary зияткерлік ойындары мен дебаттарын өткізу бойынша іс-шаралар кешені» - «Жауһар» қоры, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 21 шарт.
- «Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана қалыптастыруға бағытталған Adal urpaq іс-шаралары» - «Ақпараттық-ресурстық орталық» ҚҚ, 2025 жылғы 2 маусымдағы № 108 шарт.
- «Жастар арасында интернетке тәуелділік пен құмар ойындардың алдын алу іс-шараларын ұйымдастыру» - «Адырна» ҰЭБ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 32 шарт.
- «Алматы қаласы әкімдігі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің көшпелі отырысын ұйымдастыру және өткізу» - «Social project management» орталығы, 2025 жылғы 26 қаңтардағы № 7 шарт.
- «Ерекше қажеттіліктері бар жастарға және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарға арналған Ерекше жан жобасын іске асыру» - «САНА» ҚҚ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 20 шарт.
- «Музыкалық, хореографиялық және көркем шығармашылық салаларында жастарды анықтау, қолдау және дамыту Jas Gala» - «Алматы студенттер альянсы» ҚҚ, 2025 жылғы 22 қаңтардағы № 18 шарт.
- «Youth Nomads» жобасын іске асыру» - «Еуразиялық бейбітшілік пен келісім» ҚҚ, 2025 жылғы 14 ақпандағы № 19/1 шарт.
- «Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен түлектерін және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтендіруге арналған Әлеуметтік шеберхана жобасын іске асыру» - «Social project management» орталығы, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 16 шарт.
- «NEET санатындағы жастар мен жас көшбасшыларға арналған Jas Camp жастар лагерін ұйымдастыру» - «Жастар жетістігі» ҚҚ, 2025 жылғы 3 ақпандағы № 17 шарт.
- «Жастар арасында кітап оқуды насихаттауға бағытталған ProchiTime әлеуметтік жобасын іске асыру» - «Адырна» ҰЭБ, 2025 жылғы 28 қаңтардағы № 13 шарт.
- «Қала жастарына арналған жалпықалалық Мансап күндері жобасын іске асыру» - «Жастар жетістігі» ҚҚ, 2025 жылғы 3 ақпандағы № 9 шарт.
- «Алматы қаласы жастары арасында әртүрлі санаттар бойынша ALMA CUP спорттық ойындарын (футбол, баскетбол, волейбол, киберспорт) ұйымдастыру» - «Еуразиялық бейбітшілік пен келісім» ҚҚ, 2025 жылғы 14 ақпандағы № 22/1 шарт.
- «Салауатты ұрпақ жобасы аясында марафондар, велошерулер, тауға жаяу серуендер арқылы салауатты өмір салтын насихаттау» — «Сана» ҚҚ, 2025 жылғы 26 қаңтардағы № 7 шарт.
- «Алматы - Түркі әлемінің жастар астанасы халықаралық жобасы аясындағы іс-шараларды ұйымдастыру» - «Маңғыстау Әуендері» ҚҚ, 2025 жылғы 18 тамыздағы № 138 шарт.
- «ALMA LOVE жобасы аясында жастарға арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру» - «Маңғыстау Әуендері» ҚҚ, 2025 жылғы 18 тамыздағы № 131 шарт.
- «Өзекті мамандықтар бойынша қысқамерзімді курстар Professional course Skill All» - «Алаш жастары одағы» ҚҚ, 2025 жылғы 27 маусымдағы № 119 шарт.
- «Қалалық қауымдастықтар зертханасы CITY MAKERS 2025» - «Алаш жастары одағы» ҚҚ, 2025 жылғы 3 шілдедегі № 118 шарт.
- Көрме және пленарлық алаңдарды қамтамасыз ету және безендіру қызметтері (инновациялық стендтер, LED экрандар), «Жерді қашықтықтан зондтау технологиялары» зертханасын қамтамасыз ету, әл-Фараби атында5ы ҚазҰУ «FARABI HUB» ғимаратын қамтамасыз ету — ЖШС «Антураж KZ» 2025 жылғы 20 наурыздағы №1 шарт. (қызмет мемлекеттік сатып алулардағы үнемделген қаражат есебінен көрсетілді)
Тікелей нәтиже 100% орындалды.
Басшы А.Кажденбек
Жастарды әлеуметтендіру
және ақпаратпен қамту
бөлімінің басшысы Н.Бекайыров
Әкімшілік-құқықтық
бөлімінің басшысы Н.Загитова