Алматы қаласы әкімдігінің
2022 жылғы «1» маусым № 2/242
қаулысымен бекітілді
«Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы
ереже
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Алматы қаласының Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру саласындағы мемлекеттік органның функцияларын орындауға уәкілетті мемлекеттік орган болып табылады.
- Мемлекеттік мекеме өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеме коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және қазақ және орыс тілдерінде өз атауы бар мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- Мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- Мемлекеттік мекеме, егер оған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- Мемлекеттік мекеме өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы, штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері: 050001, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Республика алаңы, 4.
- Осы Ереже Мемлекеттік мекеменің құрылтай құжаты болып табылады.
- Мемлекеттік мекеменің қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық және жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- Мемлекеттік мекемеге кәсіпкерлік субъектілерімен Мемлекеттік мекеменің өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Мемлекеттік мекемеге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік мекеменің
міндеттері мен өкілеттіктері
- Міндеттері:
- Алматы қаласының аумағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, жастар арасында өтетін процестерді мемлекеттік реттеуге қатысу;
- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыру және жастар арасында азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу;
- жастардың денсаулығын сақтауды қамтамасыз ету, олардың салауатты өмір салтын және жастардың бос уақыты мен демалысы үшін жағдайларды қалыптастыру;
- жастар арасында мәдениеттер мен діндер диалогының жаңа нысандарын іздеу арқылы ішкі саяси тұрақтылық пен этносаралық келісімді нығайту;
- жастарды әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу үшін жағдай жасау, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да этностардың тарихын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін зерделеу;
- жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
- Өкілеттіктері:
- құқықтары:
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша Алматы қаласының әкіміне ұсыныстар енгізу;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, мәслихат шешімдерінің және Алматы қаласы әкімі өкімдерінің жобаларын енгізу;
Алматы қаласы әкімдігінің жастар саясаты мәселелері жөніндегі отырыстарына материалдар дайындауға қатысу;
жастардың қоғамдық бірлестіктері мен студенттік ұйымдарының қызметіне мониторинг және талдау жүргізу;
ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды топтастыруды қамтамасыз ету және қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу бойынша ұсынымдар әзірлеу және жұмысқа қатысу;
заңнамада белгіленген тәртіппен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарды ұйымдастыру және өткізу;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы мемлекеттік тапсырысты әзірлеуге қатысу;
жастардың қоғамдық бірлестіктерімен және студенттік ұйымдармен, саяси партиялардың және ұлттық-мәдени орталықтардың жастар бөлімшелерімен, құқық қорғау, діни және өзге де үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асыру;
мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардан, өзге де ұйымдар мен азаматтардан өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты сұрату, мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметкерлерін олардың құзыретіне жататын мәселелерді дайындауға тарту, тиісті ұсыныстар әзірлеу үшін уақытша жұмыс топтарын құру;
Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған республикалық және өңірлік ғылыми-практикалық конференцияларды, семинарларды және басқа да іс-шараларды дайындауға және өткізуге қатысу.
- міндеттері:
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде алынған коммерциялық, қызметтік, заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты жария етпеу;
жергілікті мемлекеттік органдардың жастар саясаты саласындағы қызметін үйлестіру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;
Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беру;
өз құзыреті шегінде мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес басқа да міндеттер.
- Функциялары:
- қарауына Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы, жас азаматтардың құқықтарын сақтау мәселелері, Мемлекеттік мекеменің құзыретіне кіретін өзге де мәселелер жататын мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларына ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді;
- қала аумағында қолданылатын жастар саясаты мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітуге ұсынады;
- жастар саясаты саласындағы мемлекеттік және өзге де бағдарламаларды іске асыру бойынша қалалық және аудандық білім бөлімдерімен, басқа да басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;
- Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, жастардың өмірі мен денсаулығын сақтауды қамтамасыз ететін іс-шаралардың орындалуын және шарттардың сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- орта, арнаулы орта және жоғары білім беру мекемелерінде және басқа да мемлекеттік мекемелерде Мемлекеттік жастар саясаты міндеттерін іске асырудың тиімділігін айқындау тұрғысынан ағымдағы, кешенді мониторингті жүзеге асырады;
- қала әкімінің қарауына жастар ортасындағы жағдай туралы ағымдағы ақпаратты және туындайтын проблемаларды реттеу бойынша ұсыныстарды енгізеді;
- жастардың жан-жақты білім алуына, патриоттық және азаматтық қалыптасуына жағдай жасайды, дарынды жастарға қолдау көрсетеді;
- жастардың халықаралық ынтымақтастығына жәрдемдеседі;
- жастар арасында өтетін процестерді мемлекеттік реттеуге қатысады;
- волонтерлікті дамытуға жүйелі тәсілді қалыптастырады, жастар ортасында волонтерлікті дамытуға кешенді (ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, консультациялық) қолдау көрсетеді;
- жеке тұлғаның шығармашылық, рухани және физикалық мүмкіндіктерін дамыту, салауатты өмір салтының берік дағдыларын қалыптастыру, азаматтық-құқықтық және адамгершілік мәдениетті тәрбиелеу үшін жағдай жасайды, жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырады;
- азаматтыққа және патриотизмге, өз Отанына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді, оның тарихын, мәдениеті мен халық дәстүрлерін құрметтеуге, конституцияға қарсы және қоғамға қарсы кез келген көріністерге төзбеуге тәрбиелеу бойынша іс-шаралар ұйымдастырады;
- жастарды әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулуға, қазақ халқының және Қазақстан Республикасында тұратын басқа да этностардың тарихын, әдет-ғұрыптарын, дәстүрлерін зерделеуге жағдай жасайды;
- жастармен, оның ішінде жұмыспен қамтылмаған және студент жастармен өзара іс-қимыл және оларды әлеуметтендіру, республикалық және қалалық жастар ұйымдарымен әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру жолымен жастар бастамаларын қолдау, жастарды қолдау жөніндегі мемлекеттік және қалалық бағдарламаларды іске асыруды қамтамасыз ету, жастар үшін қалалық қолдау шараларын әзірлеу және іске асыру, волонтерлікті дамытуға жүйелі тәсілді қалыптастыру, волонтерлік қызметті дамыту жастар ортасында еріктілікті дамытуда кешенді (ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастырушылық, консультациялық) қолдау көрсетеді;
- әлеуметтік қолдауға мұқтаж жастарға әлеуметтік көмекті қамтамасыз етеді және жастарды еңбек және жұмыспен қамту саласында қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
- Алматы қаласында мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үрдістерін талдауды және болжауды жүзеге асырады;
- қалалық бұқаралық ақпарат құралдарында жастарды азаматтық-патриоттық тәрбиелеу бойынша ақпараттық-насихаттау жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жастар саясатын іске асыру және өскелең ұрпақ арасында азаматтық-патриоттық тәрбие беру бойынша ақпараттық-насихаттау және түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
- жастар қоғамдық бірлестіктеріне және студенттік ұйымдарға ұйымдастырушылық, консультациялық-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсетеді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Мемлекеттік мекемеге жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
3-тарау. Мемлекеттік мекеме
басшысының мәртебесі, өкілеттігі
- Мемлекеттік мекемеге басшылықты Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметінен босатылады.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысының өкілеттіктері:
- Мемлекеттік мекеменің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Мемлекеттік мекемеге жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдауға дербес жауапты болады;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- заңнамада белгіленген тәртіппен Мемлекеттік мекеме қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
- Мемлекеттік мекеме құрылымын және Мемлекеттік мекеме бөлімдері туралы ережені бекітеді;
- өз өкілеттігі шегінде бұйрықтар шығарады;
- мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Мемлекеттік мекеменің атынан өкілдік етеді;
- Мемлекеттік мекеменің мүдделерін білдіруге сенімхат береді;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
- Мемлекеттік мекеменің бірінші басшысы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
4-тарау. Мемлекеттік мекеменің мүлкі
- Мемлекеттік мекеменің заңнамада көзделген жағдайларда оралымды басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
Мемлекеттік мекеменің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
- Мемлекеттік мекемеге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
- Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік мекеме өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5-тарау. Мемлекеттік мекемені қайта
ұйымдастыру және тарату
- Мемлекеттік мекемені қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.