«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 44, 94, 97, 97-1-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудағы дауыс беру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасы астанасының, облыстарының, республикалық маңызы бар қалаларының сайлау комиссиялары хаттамаларының негізінде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың қорытындылары белгіленсін:
Қазақстан Республикасы бойынша саяси партияларды жақтап және «Бәріне қарсы» берілген дауыстар:
«Әділет» партиясы – 6528948 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 71,17 проценті;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469058 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 5,11 проценті;
Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы – 97751 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 1,07 проценті;
Қазақстан Халық партиясы – 285395 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 3,11 проценті;
«Ауыл» партиясы – 574621 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 6,26 проценті;
«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы – 478083 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 5,21 проценті;
«Respublica» партиясы – 509631 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 5,56 проценті;
«Бәріне қарсымын» белгісі бар бюллетеньдер саны - 230446 немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының 2,51 проценті;
- Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар даусының бес және одан көп процентін алған саяси партиялар белгіленсін:
«Әділет» партиясы – 6528948 (71,17%);
«Ауыл» партиясы – 574621 (6,26%);
«Respublica» партиясы – 509631 (5,56%);
«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы - 478083 (5,21%);
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 469058 (5,11%).
- Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттардың келесідей бөлінгені белгіленсін:
«Әділет» партиясы - 110;
«Ауыл» партиясы - 10;
«Respublica» партиясы - 9;
«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық Партиясы - 8;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 8.
- Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы қоса беріліп отырған хабар бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын.