«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 28-бабының 3-тармағына және «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2018 жылғы 25 тамыздағы № 12/198 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысын өткізу регламенті осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес келісілсін.
- 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысына қатысушылардың тізімі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының аппараты:
- «Хабар» агенттігі» АҚ-мен шарт жасасу бойынша қажетті ұйымдастырушылық шараларды қабылдасын;
- осы қаулыны Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялар штабтарының, сондай-ақ «Хабар» агенттігі» АҚ назарына жеткізсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Л.К. Сүйіндікке жүктелсін.