2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру туралы

    Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 24, 25 және 26-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі БҰЙЫРАДЫ:

    1. Осы бірлескен қаулыға және бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтардың тіркелген жері бойынша мәліметтерді «цифрлық үкімет» порталында тексерудің онлайн-сервисін іске асыру алгоритмі бекітілсін.
    2. Астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары астананың, облыстардың және республикалық маңызы бар қалалардың тиісті аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп, онлайн-сервиске қолжетімділікті алу үшін дауыс беру учаскелерін және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін айқындасын әрі 2026 жылғы 5 тамызға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тиісті мәліметтерді ұсынсын.
    3. Қазақстан Республикасының Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамымен (келісім бойынша) бірлесіп, онлайн-сервисті іске асыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдасын.
    4. Учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайлауда дауыс беруге қатысуға құқығы бар азаматтардың дербес деректерін жинауға, өңдеуге және сақтауға келісім алуды қамтамасыз етсін.
    5. Осы бірлескен қаулы мен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасарына және Қазақстан Республикасы Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің бірінші вице-министріне жүктелсін.
    6. Осы бірлескен қаулы мен бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
    Жүктеу
    Постановление
    Постановление
    DOCX · 119 КБ
    Жүктеу
    Приложение
    Приложение
    DOCX · 22 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудың қорытындыларын белгілеу және дауыс беру қорытындылары бойынша депутаттық мандаттарды бөлу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 44, 94, 97, 97-1-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлаудағы дауыс беру нәтижелері туралы Қа...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайысын ұйымдастыру және өткізу мәселелері туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына және 28-бабының 3-тармағына және «Сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу қағидалары мен шарт...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беруге қатысу құқығы бар азаматтарды сайлау учаскелерінің мекенжайлары бойынша тіркеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 24, 25 және 26-баптарына, «Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тарма...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау жөніндегі дауыс беруге арналған сайлау бюллетені туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12, 26-1 және 37-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Саяси партиялардың атауларын са...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 12-бабының 1), 6-1) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: Астананың, облыстардың,...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақст...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды:
    Қаулы

    2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларын аккредиттеу туралы

    «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақст...

    Орталық сайлау комиссиясыЖарияланды: