«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 20-2-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының жанында шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушылары қосымшаға сәйкес аккредиттелсін.
- Шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымның байқаушыларына тиісті куәліктер берілсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары М.Т. Ерманға жүктелсін.