Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші академиялық орталық ретіндегі әлеуетін нығайтып келеді

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    QS Insights Magazine журналында жарияланған «Kazakhstan’s Higher Education: Building Central Asia’s Leading Academic Ecosystem» атты жаңа мақалада Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің негізгі жетістіктері мен оның халықаралық деңгейдегі беделінің артып келе жатқаны атап өтілді.

    QS World University Rankings 2027 рейтингіне Қазақстанның 18 жоғары оқу орны енді. Бұл – Орталық Азияның қалған барлық елдерінің көрсеткішінен жоғары. Осылайша, Қазақстан Азиядағы жоғары білім беру жүйелері ең көп ұсынылған 11 елдің қатарына кірді.

    QS Asia University Rankings 2026 рейтингіне Қазақстанның 44 университеті, ал QS World University Rankings by Subject 2026 пәндік рейтингіне 13 жоғары оқу орны енді. Бұл білім беру сапасы мен ғылыми зерттеулер деңгейінің тұрақты өсіп келе жатқанын көрсетеді.

    QS Sustainability Rankings 2026 рейтингіне Қазақстанның 23 университеті енгізілді. Ал 2023 жылы еліміздің бірде-бір жоғары оқу орны бұл рейтингте болмаған еді.

    Қазақстан жоғары білімнің интернационалдануын жүйелі түрде дамытып келеді: университеттер шетелдік оқытушылар мен студенттерді көбірек тартып, халықаралық серіктестікті кеңейтіп, ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламаларының санын арттырып келеді.

    QS Best Student Cities 2027 рейтингінде Алматы мен Астана әлемнің үздік студенттік қалалары қатарынан көрінді. Алматы 78-орынды, Астана 119-орынды иеленді. Сонымен қатар елорда оқу мен өмір сүру құнының қолжетімділігі бойынша әлемдегі ең қолжетімді студенттік 10 қаланың қатарына енді. Мақала авторлары Қазақстанның жетістіктері жоғары білім сапасын арттыруға, ғылымды дамытуға, академиялық ұтқырлықты және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жүйелі мемлекеттік саясаттың нәтижесі екенін атап өтеді. Келесі кезеңнің басты міндеттері – ғылыми-зерттеу әлеуетін күшейту, шетелдік студенттердің географиясын кеңейту және білімге негізделген экономика үшін бәсекеге қабілетті кадрлар даярлау.

    Толығырақ – QS Insights Magazine журналындағы мақалада

    https://magazine.qs.com/qs-insights-magazine-43/kazakhstans-higher-education-building-central-asias-leading-academic-ecosystemuniversities-as-ecosystem-actors-in-a-transformation-already-underway

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саясаты жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – әлеуметтік мәселелер және жастар саяса...

    Хабарландыру

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – ғылым және инновациялар жөніндегі прор...

    Хабарландыру

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректордың бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі «Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті» КЕАҚ Басқарма мүшесі – цифрландыру және инфра...

    Хабарландыру

    «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы-Ректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» Коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 070004, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 55, «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті»...

    Хабарландыру

    «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – инновациялар және интернационалдандыру мәселелері жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    «Рудный индустриялық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 111500, Қостанай облысы, Рудный қ., 50 лет Октября көшесі, 38, Басқарма мүшесі – инновациялар және интернационалдандыру мәсел...

    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы анықтама

    Ақпарат

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажет заңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі ақпараты

    Заңнамалық актілерді іске асыру үшін қабылдануы қажетзаңға тәуелді актілердің тізбесі туралы ҚР ғылым және жоғары білім министрінің 2026 жылғы 30 шілдедегі ақпараты

    Хабарландыру

    «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – Әлеуметтік даму және студенттік мәселелер жөніндегі проректор бос лауазымына конкурс

    «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі, 050000, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі 142, «Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті» коммерциялық...